Рамазан Салықұлы Бапов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Рамазан Салықұлы Бапов

Рамазан Салықұлы Бапов (16.08.1947, Алматы11.03.2014, Алматы) — биші, КСРО халық артисі (1979).

Мәскеу хореографиялық училищесін бітіріп (1966), Қазақ опера және балет театрына қабылданған.

Саханалаған рольдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Рамазан Бапов «Спартак» балетіндегі Спартак рөлінде

Бапов сахнаға шығарған

  • Зигфрид, Дезире (П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы аруында”)
  • Базиль, Солор (Л. Минкустың “Дон-Кихоты” мен “Баядеркасында”)
  • Спартак (А.Хачатурянның “Спартагында”)
  • Альберт (А. Аданның “Жизелінде”)
  • Ромео (С. Прокофьевтің “Ромео мен Джульеттасында”) сияқты классикалық бейнелер оның шеберлігін толық байқатты.

Осындай мол тәжірибені ол балетмейстерлік жұмысына және қазақтың классикалық балетін дамытуға пайдаланды. Бапов билеген

  • М.Сағатовтың “Әлиясындағы” Жігіт
  • Т. Мыңбаевтың “Фрескаларындағы” Ишпақа
  • Е. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуындағы” Қозы партиялары ұлттық қимыл-қозғалысты классикалық канондармен қабыстыра отырып, албырт жастықтың адал махаббатын нәзік бейнелейді.

Бапов шығармаларындағы Қозы мен Спартак бейнелері театр тарихында қалған жарқын жұмыстар.

Рамазан Бапов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балетіндегі Козы рөлінде

Гастрольдік сапарлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Берлиндегі дүниежүз. жастар мен студенттер фестиваліне
  • Батыс Берлиндегі қазақ өнері күндеріне (1981) қатысты.

Гастрольдік сапармен Үндістан, Иордания, Малайзия, Сингапур, т.б. шет елдерде болды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8