Рамазан (ай)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Рамазан бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ислам күнтізбесі

  1. Мұхаррам
  2. Сафар
  3. Рабиғ әл-әууәл
  4. Рабиғ әс-сәни
  5. Джумада әл-әууәл
  6. Жумад ас-сәни
  7. Раджаб
  8. Шағбан
  9. Рамазан
  10. Шәууәл
  11. Зул-Қағда
  12. Зул-Хиджа

Рамазан (араб.: رمضان‎ – рамадан, ислам күнтізбесінің 9-айы) — Һижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылмандар бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамазан сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді, яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.[1]

Рамазан айындағы амалдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Рамаданның басталуы Ислам күнтізбесіне негізделеді.
Толық мақаласы: Ораза

Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту — ораза боп саналады. Рамазандағы ауыз бекіту ислам дінінің бес парызының бірі боп табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамадан — ай аты болса, ауыз бекіту парызы — қазақша ораза (арабша саум) деп аталады.

Ораза ұстаған адам таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жеуден, ішуден не темекі шегуден бас тартады. Рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын неғұрлым тиянақты орындаулары, жыныстық қатынастан бас тартулары, зорлық-зомбылықтан сақтанулары, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық, құмар сияқты сезімдерге жол бермеулері, ашулы не мысқылды жауап беруден, өсек тасудан сақтанулары тиіс. Адамдар бір-бірімен әдеттен гөрі тату, ынтымақты өмір сүреді деп күтіледі. Бүкіл ерсі дыбыспен пен көріністен аулақ болу керек. Ой мен амалдың екеуінің де тазалығы маңызды боп саналады. Ораза — Құдаймен жақындасуға бет бұратын әр мұсылман тұлғаның өз алдындағы ибадаты. Ораза ұстау амалының мақсаты жүректі дүниелік тіршіліктен аластатып, адамның ішкі дүниесін зақымнан тазарту боп табылады.

Рамазан айында ораза ұстау бүкіл адамдарға бірдей парыз болмайды. Жыныстық толысу жасына жетпеген балалардың ораза ұстаулары міндет емес, бірақ кейбіреулері ұстайды. Айтқанымен, жыныстық толысу кешіккен жағдайда, ораза белгілі бір жастан кейін ер адамға да, әйел адамға да парыз болады. Құран бойынша, егер ораза ұстау ауру адам секілді біреудің денсаулығына зиян әкелу мүмкіндігі болса, бұл адам ораза ұстамаса да болады. Мысалы, қант диабеті ауруына шолыққан адам немесе емізетін иә екі қабатты әйел адамдар әдетте ораза ұстамайды. Алайда бұндай адам оның орнына мұқтаж кісіні тамақтандыруға шақырылады.[2] Хадис бойынша, етеккір кезіндегі әйел адамға ораза ұстау тиым салынады. Әдетте ауыз бекітпесе де, болатын басқа жағдай ретінде соғыстағы адам мен үйінен тыс бес күннен кем уақыт өткізуге ниеттелген жолаушы боп саналады. Егер адамның ауыз бекітуі қиындық тудыратын халі уақытша құбылыс болса, өткізілген күндердің орнын Рамазан айынан кейін келесі Рамазанға дейінгі мезгілде толтыруы тиіс. Егер мұндай халі ұзаққа созылатын болса, әр ұстай алмаған күнінің орнына мұқтаж адамды тамақтандырса да болады.

Егер жоғарыда айтылған еш бір категорияға жатпайтын адам ұмытқаннан оразасын бұзатын қылық жасаса, оразасы бұзылмайды. Алайда, егер де біреу ниеттеніп оразасын бұзған жағдайда, оразасын тоқтатпай күн батқанша дейін ұстап, сол бүкіл күннің борышын соңынан өтеуі керек. Егер саналы түрде жыныстық қатынасқа түсетін болса, сол күннің борышын қатар келетін алпыс күн ауыз бекітумен өтеуі қажет.

Қадір түні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Қадір түні

Қадыр түні (Ләйләт-ул-Қадір) Құранның бірінші аяты Мұхаммед пайғамбарға түскен түн боп саналады. Айдың нақты қай түні екені белгісіз болғанмен, рамазанның соңғы он түнінің бірі болып есептеледі.

Толық мақаласы: Тарауық

Рамазан айының әр түнінде сегізден жиырма ракатқа дейін оқылатын қосымша намазды тарауық деп атайды.

Айт мейрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Ораза айт

Айт мейрамы (арабша: عيد الفطر) рамазан айы аяқталып, келесі айдың басталуын білдіреді.[3][4][5][6]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://kattani.kz/?p=3820 Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2011 жылы. Қаттани мешітінің ресми сайты
  2. [1] Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2008 жылы.
  3. Рамазан айына байланысты блог Мұрағатталған 9 қыркүйектің 2012 жылы.
  4. Айқын газеті, Кенже Мырзалы, "Ақсай" мешітінің бас имамымен сұхбат Мұрағатталған 8 сәуірдің 2014 жылы.
  5. Дін бен рухани Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы.Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
  6. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Ислам күнтізбесінің айлары
Мұхаррам | Сафар | Рабиғ әл-әууәл | Рабиғ әс-сәни | Джумада әл-әууәл | Жумад ас-сәни | Раджаб | Шағбан | Рамазан | Шәууәл | Зул-Қағда | Зул-Хиджа