Раджаб (араб.: رجب) - мұсылман күнтізбесі бойынша жетінші ай. Арабтың рәжәб сөзі "құрметтеу" деген мағынаны білдіреді. Исламға дейінгі Арабияда қасиетті төрт айдың бірі, Меккеге баратын «кіші» қажылық айы. Алғашында көктемгі кезеңге сай келді. Ережепте ауыз бекітіл, құрбандық шалынатын болған. Құрбандыққа шалынған малдың еті кедейлер мен қайыршы, кемтарларға таратылған. Ережептің қасиетті сипатын Ережептегі айрықша тақуалыққа рұқсат ету жөніндегі орта ғасырлардағы мұсылман дін ғылымындағы айтыс-тартыстарға қарамай сунниттер де, шииттер де Исламда сақтап қалды. Бір-біріне қарама-қайшы көзқарастағылар да, келісімпаздық шешімді жасаушылар да толып жатқан хадистер мен 5-сүренің 2-аятына жасалған түсініктемеге сүйенді. Ережептің халықтық Ислам тәжірибесінде кең тараған айрықша рәсімдері түбегейлі бекіп, бірқатар беделді діни адамдар тарапынан қолдау тапты. Оған ибн Таймийа сияқты сунниттік тақуалар ғана қарсы болды.
Бұл айда Мұхаммед 27-күнді әл-миражға жатқызады. Ережептің кейбір күндерінде ораза ұстау өте жоғары бағаланды. Мысалы, дін жолындағы кісі сергектік жасап, дұға оқтын бір жыл ішіндегі 14 күннің үшеуі ережепке тап келеді. Ережепте ауыз бекіткен 27 күн 60 ай ораза ұстауға немесе 100
түн ораза ұстауға және 100 түнгі намазға тең болған. Исмаилшылар уағызында ережеп тақуалық рәсімдер айы ретінде ерекше аталады, бұл айда жасалған тақуалық рәсімдер басқа айлармен салыстырғанда бірнеше есе ұлғайтылады. Ережептің алғашқы жұмасының қарсаңында ерекше «сыйлықтар дұғасы» оқылады. Қазіргі мұсылман ғұламалары ережепті қадір тұтулы пұтқа табыну заманындағы ханифиямен, Исламға жол ашқан монотеистік қозғалыспен байланыстырады.[1]