Раймон Копа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Раймон Копа Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Раймон Копашевский

Лақап аттары

Футбол Наполеоны

Туған күні

13 қазан 1931 (1931-10-13)

Туған жері

Не-ле-Мин, Франция

Қайтыс болған күні

3 наурыз 2017 (2017-03-03) (85 жас)

Азаматтығы

 Франция

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
1941—1949 Франция Не-ле-Мин
Клуб карьерасы[* 1]
1949—1951 Франция Анже 60 (15)
1951—1956 Франция Реймс 158 (48)
1956—1959 Испания Реал Мадрид 79 (24)
1959—1967 Франция Реймс 244 (36)
1949—1967 Барлығы 541 (123)
Ұлттық құрамы[* 2]
1952—1962  Франция 45 (18)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Раймон Копа (фр. Raymond Kopa, туғанда Копашевский (пол. Kopaszewski), 1931 жыл 13 қазан, Не-ле-Мин, Франция — 2017 жыл 3 наурыз, Анже, Франция) — француз футболшысы, шабуылшы. "Анже" (1949-1951), "Реймс" (1951-1956; 1959-1967), "Реал Мадрид" (1956-1959) клубтарында ойнады. Франция құрамасы үшін 1952-1962 жылдары 45 ойын өткізді.

1958 жылғы "Алтын доп" иегері. Сауалнама бойынша Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы ХХ ғасырдағы әлемнің үздік футболшыларының арасында 43-ші орынды, World Soccer журналының нұсқасы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншыларының арасында 92-орынды, Placar журналының нұсқасы бойынша футбол тарихындағы үздік ойыншылар арасында 50-ші орынды иеленеді.

Францияда Польшадан келген эмигрант отбасында дүниеге келген. Ол мансабын оң жақтағы шабуылшы ретінде бастады, бірақ содан кейін орталық шабуылшыға ауысты. 1958 жылғы әлем чемпионатының ең үздік ойыншыларының бірі болды, онда Франция қола медаль жеңіп алды, сол жылы "Алтын допқа" ие болды. Аяқ сынуының салдары және осыған байланысты жүргізілген операциялар кесірінен мансабын 1967 жылы аяқтауға мәжбүр болды.

1970 жылдардың басында Копа "Анже" клубының құрметті президенті болып сайланды. 1972 жылы оның "Менің футболым" атты кітабы жарық көрді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Реймс»

«Реал Мадрид»

  • Испания чемпионы (2): 1956/57, 1957/58
  • Еуропа чемпиондары Кубогының иегері (3): 1956/57, 1957/58, 1958/59
  • Латын кубогының иегері: 1957

Франция құрамасы

  • 1958 жылғы Еуропаның үздік футболшысының "Алтын доп" иегері ("France-Football" журналының нұсқасы бойынша)
  • 1959 жылғы Еуропаның екінші футболшысының "Күміс доп" иегері ("France-Football" журналының нұсқасы бойынша)
  • 1956, 1957 жылдардағы Еуропаның үшінші футболшысының "Қола доп" иегері ("France-Football" журналының нұсқасы бойынша)
  • 1970 жылы 30 қарашада құрметті легион орденімен марапатталды (осы марапатқа ие болған алғашқы футболшы)
  • ФИФА 100 тізіміне кіреді

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]