Практика-таным негізі және қозғаушы күші

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Практика - таным негізі және қозғаушы күші Практика деген не? Таным теориясының орталық санаты болып есептелетін, адамдардың практикалық қызметінің қажетті және шешуші аясы — еңбек өндірісі. Соның арқасында адам өзінің өміріне қажетті материалдық игіліктерді — тамақты, киімді өндіреді. Алайда практиканы қоғамның басты ресурстарына қызмет еткенімен өзінің негізгі аясы — материалдық өндіріске қосуға болмайды. Қоғамдык катынастарды өзгертуге бағытталған адамның әлеуметтік күресі — қоғамдық қызметі мен практикалық қызметі деп аталады. Сонымен қоса ғылыми тәжірибелер де практикаға жатады. Практика адамдардың шынайы нағыздықты жаңғыртудағы белсенді, мақсатты, бағытталған, материалдық қызметі. Сонымен қоса практика адамдардың нағыздықты өзгертуге бағытталған материалдық әрекеті түрінде көрініс де береді. Практиканың құрылымы күрделі және көп деңгейлі. Практика дегеніміз—тек жекелеген адамдардың ғана емес, сонымен қоса ол миллиондаған адамдардың қызметін біріктіретін қоғамдық тарихи үдеріс. Практика мен таным өздерінің барлық деңгейлері бойынша өзара астасып, бір-біріне кіріктіріліп отырады. Мысалы, кез келген еңбек кызметін жүзеге асыру белгілі бір білімді, жоспарды, ойды қажет етеді. Өз колымен заттарды жасай отырып, адам танымнан практикаға қарай, сыртқы пөндік қызметке карай жылжиды. Өзінің максаттарын практика кезінде іске асыра отырып, адам өзі жасаған құралдарды объективті заңдылықтар бойынша сыртқы дүние заттарымен байланыстырады. Сонымен, қозғалыс таным субъектісінің білімін кеңейте отырып, оны жүзеге асырады. Таным адамдардың практикалық қызметінде алынған білімдерді одан былайғы уакытта пайдалану үшін жүзеге асырылады. Қоғамның практикалық қажеттілігі туындаған кезде ол ғылымды одан әрі дамытуға бағыт береді. Ал адамдардың білгісі келуі, табиғаттың, қоғамның, ойдың сырларын ашуға құлшынысы танымның кеңеюіне де әсер етеді. Сөйтіп, практика теорияның алдына мақсаттар қояды, танымды әрі қарай бағыттайды. Бұл — теориялық ізденулердің максаты - білімді жұмсаудың түпкілікті нысанасы ретінде көрінеді.

Танымдағы практиканың рөлі және негізгі қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Расында да, практиканың талабы түрлі ғылымдарды дүниеге келтірді. Мысалы

  • геометрия — жер өңдеудің практикалык кажеттілігіне орай пайда болды;
  • астрономия — теңізде жүзу мен жер өңдеу талаптары негізінде, кибернетика — есепті модельдеу және логикалық операциялар арқылы өндірісті автоматтандыру мен басқару қажеттілігіне сай дамып, қалыптасты.

Денсаулық сақтаудың дамуы биотехнологияны дамытуға мүмкіндік тудырып, соның негізінде адамдарға, үй жануарларына, ауыл шаруашылығы ендірісіне қажетті инсулин, өсу гормондары, тағы басқа препараттар алынды. Өз кезегінде танымның қорытындылары, ғылыми білімдер үнемі адамдардың практикалық қызметінде қолданылды. Ғылымның жетістіктері, оны одан әрі дамыту қажеттігі практиканың алдына жаңа мақсаттар қоюда. Атомдық физиканың жетістіктері, басқарылатын термоядролық реакцияның жүзеге асырылуы практиканың алдына өте жоғары температураға шыдай алатын материалдар жасап шығару мақсатын койды. Молекулалық биология жетістіктері тұтасымен алғанда ген инженериясын тудырды, мөдени есімдіктер селекцясы үшін қолданылатын және малдың нәсілін жақсартатын мұрагерліктің өзгеруін анықтау мүмкіндіктерін жасады. Сонымен, білім мен практика үнемі бір-бірімен астасып, өзара өрекеттесіп отырады, таным мен практиканың дамуына септігін тигізеді. Практиканың мәнін және оның формаларын ажырату оның таным үдерісіндегі негізгі қызметтерін айқындап береді. Оларға төмендегілер жатады:

  • Біріншіден, практика — танымның қайнар көзі. Өйткені барлық білімдер өмірге, түптеп келгенде, оның қажеттілігінен туындаған. Мысалы, математикалық білімдер — жер телімдерін өлшеу, аумақты есептеу, көлемді айкындау, уакытты санау, т.б. қажеттіліктерден бастау алған. Алайда ғылымдағы жаңалықтар үнемі тура практикамен жасалады деуге болмайды (мысалы, элементар бөлшектер физикасындағы заттардың кварцтық құрылымы).
  • Екіншіден, практика — таным негізі, оның қозғаушы күші ретінде көрініс береді. Ол танымның барлық сипатын камтиды. Сонымен қатар таным адамдардың үнемі дамып отыратын тарихи, өндірістік және қоғамдық қызметтерінің бастамасынан туындайды және солармен айқындалады. Таным қаншалықты практиканың мықты іргетасына сүйенгенде, соншалықты зерттейтін объектісіне толығырақ енетін болады. Практика танымды техникалық кұрал-жабдықтармен және басқа да қажеттіліктерімен қамтамасыз етеді. Онсыз қазіргі танымдық ғылымның жасалуы мүмкін емес.
  • Үшіншіден, практика танымның мақсаты болып табылады. Өйткені таным адамдардың қарапайым бірдеңені білуге құлшынысы үшін ғана жүзеге асырылмайды. Біздің барлық білімдеріміз, түптеп келгенде, қайтадан практикаға айналатын болады, соған бағышталады және соның дамуына белсенді өсер етеді. Сондықтан практика тек танымның негізі немесе қозғаушы күші ғана емес, сонымен қатар оның түпкілікті максаты деп айтсақ дұрыс болады.

Қысқартып айтқанда, практика таным үдерісінің бастапқы пункті және табиғи қорытындысы. Алайда бұл қорытындыны салыстырмалы түрде түсіндіру керек. Өйткені практика танымның алдына келесі мақсаттарды кояды, ойдың одан әрі күшеюіне әсер береді, танымның одан да тереңірек қалыптасуына мұрындық болады. Практика — ақиқаттың аса маңызды өлшемі. Практика ақиқаттың шешуші өлшемі ретінде көрінеді. Ал неге практика біздің; білімдеріміздің ақикаттылығының өлшеуіші болады? Өйткені практикада ақиқат өлшеуіші бола алатынның бәрі бар. Олар мыналар:

  1. объектіге бағытталғандығымен және қызметінің білім аясының кемерінен асып кетуі;
  2. жалпыламалылығымен, өйткені практика жеке алынған таным субъектісінің қызметімен шектелмейді;
  3. ойдан іске, материалдық нағыздыққа кешу. Мұндайда жетістікке, қойған мақсаттарға қол жеткізу білімнің ақиқаттығының көрінісі болып табылады, ал сөтсіздіктер бастапқы білімнің дәйекті емес екендігін көрсетеді;
  4. материалдық ендірістің дамуы барысында белгілі бір идеялардын жүзеге асырылуы олардың ақиқаттылығының маңызды белгісі болып табылады. Түптеп келгенде, теориялық талқылаулар емес, тек практика, ең алдымен, өндірістік практика белгілі бір теориялық қағидалардың дұрыс немесе бұрыс екендігін айқындап бере алады.

Алайда бұл тұрғыдан келісу арқылы ақиқаттың өлшем мөселесін қарапайымдандыруға болмайды. Практиканың маңызы абсолютті емес, әрбір нақты мезетте практиканың мүмкіндіктері шектеулі. Техникалық құралдардың дами алмауына қатысты немесе табиғат күштерін баскаруға қабілетінің жетпеуінен адам үнемі практика жүзінде барлық үдерістерді іске асыра алмайды. Сондықтан практика мен сол мезетте тексеруге келмейтін ғылыми теориялар өмір сүреді. Рас, осы теориялардың негізінде қолданбалы зерттеулер дамып жатады, конструкциялық есептер жүргізіледі. Бұл жердегі практика, алдымен, конструкторлық есептердің ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтап береді. Практика түпкілікті ақиқатты анықтап бере алмаған жағдайдың өзінде, оған жетудің жолын көрсетіп беретінін ескеру керек.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2