Планула

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Планула (лат. planus — жалпақ) — ішекқуыстылардың дамуындағы личинка сатысы. Денесі ұзынша, құрт тәрізді, екі қабатты. Сыртқы қабаты — эктодерма, бұл нейроэпителилі, етті және атпа клеткадан тұрады. Ішкі қабаты — энтодерма. Планула суда еркін қозғалады, жетіле келе су түбіне түсіп, бір орынға бекіп, келесі сатысы — полипке айналады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том