Петер Михал Богунь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Петер Михал Богунь
Peter Michal Bohúň
Туған күні

29 қыркүйек 1822 (1822-09-29)

Туған жері

Величне Словакия

Қайтыс болған күні

20 мамыр 1878 (1878-05-20) (55 жас)

Қайтыс болған жері

Бельско-Бяла, Польша

Азаматтығы

Словак

Жанры

кескіндеме

Мектебі

Прага Өнер академиясы

Атақты қолөнерлері

Мария Стюарт Элизабет Тюдормен кездесуде.

Петер Михал Богунь (29 қыркүйек 1822 жыл Величне, Словакия - 20 мамыр 1878 жыл Бельско-Бяла, Польша) — Словакия кескіндемешісі, кескінші-портретші, табиғат суретшісі.

Ол өзінің туған қаласындағы халық мектебінде ағартушы Павел Кохустың бақылауымен оқуын бастады. Осы жерде оның мәдениетке, салт-дәстүрге, ұлттық тарихқа деген қызығушылығы арта түсті. Содан кейін ол Гемерска Горкадағы (Гемер) гимназияға барып, мажар тілін үйренді. Білімнің келесі кезеңі 1836 жылы ағасы Янмен бірге Левоцидегі евангелисттік орта мектептің философиялық бөлімінде оқи бастады. Патриоттық шерулерге байланысты 1841 жылы мамырда Аустрия билігі орта мектепті жапты. Содан кейін Богунь Кежмарокка барып, онда ол заңгерлікке оқып, сурет салуға алғашқы әрекеттерін жасады.

1843 жылы 18 қарашада Петер Михал Богунь Прагадағы Өнер академиясына оқуға түсті . Оның мұғалімі тарихи суретші Кристиан Рубен болды. 1844 жылдың ақпанында суретшінің әкесі қайтыс болды, бұл Богунның одан әрі білім алу үшін қажетті қаржылық қаражатынан айырды. Оған материалдық көмекті Оравадан шыққан дворян Михал Кубин көрсетті. Богунь Святоплук Преслмен бірге өзі литография жасаған Өсімдіктер сөздігімен бірлесіп жұмыс жасады. Ол сонымен қатар Франтишек Ширдің шеберханасында литографиялық шеберліктерін жетілдірді.

1848 жылы Петер Михал Богунь патриоттық митингілер мен дәрістер ұйымдастырды. Осылайша ол "Халықтар көктемі" деп аталатын Орталық Еуропаны қамтыған ұлттық іс-шараларға қатысты. Сол жылдың жазында жас суретші Зофия Амалия Кланкайға үйленіп, онымен бірге оның отбасылық үйінде тұрды.[1]

1854 жылдың қыркүйегінде суретші әйелі және алты баласымен Липтовски-Микулашқа көшіп келді, онда ол евангелист әйелдер мектебінде сурет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады. Тәжірибелік сабақтар мен теориялық дәрістермен қатар ол көркемөнерпаздар театр ұжымдарына сурет салу, суретке түсіру, перделер мен декорацияларды әшекейлеумен айналысты. 1860 жылы ол шіркеумен ынтымақтаса бастады және патриоттық қызметке қайта оралды. 1861 жылы 5 маусымда Мартиндегі конституциялық жиналысқа қатысып, 1863 жылы Словакия Отанының негізін қалаушылардың бірі болды.

1865 жылдың күзінде Петер Михал Богунь Словакиядан көшіп, отбасымен Галицияда - Бяла маңындағы Липникте (қазіргі Бельско-Бяла ауданы) қоныстанды. 1876 жылы Австрия-Венгрия әскерінен қашып кеткен ұлы Чуборды іздеп Италияға барады. Петер Михал Богунь 1878 жылы 20 мамырда пневмониядан қайтыс болды. Ол Бяладағы Евангелиялық зиратқа жерленді. 1955 жылы Липтовски Микулашта оның есімімен аталатын өнер галереясы ашылды, ал үш жылдан кейін Братиславада оның мүсіні тұрғызылды.[2]

Петер Михал Богунның картиналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Питер Михал Богуд https://ruwiki.press/pl/Peter_Michal_Boh%C3%BA%C5%88(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Питер Михал Богуд https://www.hmong.press/wiki/Peter_Michal_Boh%C3%BA%C5%88(қолжетпейтін сілтеме)