Парагвай Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Парагвай Республикасы (айрық) деген бетті қараңыз.

Үлгі:Infobox Country

Парагвай Республикасы – Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.

Парагвай жері жазықты, ойпатты. Оңтүстік-шығысы – Бразилия таулы үстірті (биіктігі 300 – 700 м), солтүстік-батысы – Гран-Чако (500 м) жазығы. Шығыс бөлігіндегі қызыл топырақты өңірді аралас орман (мәңгі жасыл), батысын бағалы ағаштар (кебрачо, гуаякан, альгарробо, чаньяр) аралас тропиктік орман алып жатыр.

Климаты тропиктік. Шілдедегі орташа температура 17 – 19ӘС, қаңтарда 27 – 29ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшемі 700 – 2000 мм.

Гидрографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ірі өзендері – Парана және Парагвай.

Парагвай Республикасының 19 департаменті

Ежелгі заманнан бері Парагвай жерін көптеген үндіс тайпалары мекендеген. Бұлар 16 ғасырға дейін алғашқы қауымдық құрылыстың әр түрлі сатыларында өмір сүрді.

  • 1526 жылдан бастап ел аумағына еуропалық саяхатшылар келе бастады.
  • 1535 ж. Парагвай испан отары болып жарияланып, Перу вице-корольдігі құрамына енді.
  • 17 ғасырда Парагвай жеке генерал-губернаторлық болып бөлініп шықты. Ал елдің оңтүстік-шығысын иезуиттер отарлап, мұнда өз мемлекетін құрды (17 ғ-дың басы).
  • 1768 ж. испан өкіметі иезуиттерді Парагвайдан қуып шығып, олардың жерлерін өз қол астына қаратады.
  • 1776 ж. Ла-Плата вице-корольдігі құрылғаннан кейін, Парагвай соның провинциясы болды.
  • 1810 ж. испан отарларының тәуелсіздігі жолындағы соғыс Парагвайды да қамтыды.
  • 1811 ж. мамырда Асунсьонда болған көтеріліс тәуелсіздік жариялаумен және рев. хунта құрумен аяқталды.
  • 1814 ж. Х.Г. Франция өкімет басына келіп, жоғарғы билеуші деген атақ алды, ал 1816 ж. ғұмырлық өкімет билігіне ие болды.
  • 1840 ж. ұлттық буржуазия өкімет басына келіп, өнеркәсіп пен сауданы дамытуға бағытталған реформалар жүргізді. Алайда шетелдіктердің кәсіпкерлік қимылына шек қою АҚШ, Ұлыбритания, Франция тарапынан кедергі туғызды.
  • 1865 – 70 ж. Аргентина, Бразилия және Уругвайға қарсы жер үшін болған соғыстар нәтижесінде біраз аумағынан айырылды.
  • 1954 – 89 ж. елде А.Стреснердің әскери диктатурасы билік құрды.
  • 1989 ж. билік әскерилерден азаматтық билік өкілдеріне көшіп, демокрократия реформаларға жол ашылды.
  • 1992 ж. маусым айында қабылданған жаңа Конституциясы нәтижесінде елдегі саяси жағдай біршама оңды өзгерістерге ұшырады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Парагвай – аграрлық ел. Негізінен мал шаруашылығы дамыған. Ол ел экспортының үлкен бөлігін қамтамасыз етеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]