Отто Шкорзень

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Отто Скорцени
1908 ж. маусымның 121975 ж. шілденің 6

Place of birth Вена, Аустрия
Place of death Мадрид, Испания
Allegiance Үшінші Рейх Нацистік Германия
Years of service 19311945
Rank СС Оберштурмбаннфүрер
Battles/wars Екінші Дүниежүзілік соғыс
*Шығыс майдан
*«Емен» операциясы
*«Фаустпатрон» операциясы
*Арденн шайқасы («Гриф» операциясы)
Awards Темір айқыш
Рыцарьлық айқыш
Емен жапырақтарымен көмкерілген Рыцарьлық айқыш
Other work «Вервольф»
ODESSA
Паладин тобы

Отто Скорцени (Отто Шкорзень) (1908 жылғы маусымның 12-сі — 1975 жылғы шілденің 6-сы[1]) — Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңінде Германияның Ваффен-СС-інде штандартенфюрер[2] шенінде қызмет еткен әскери. Шығыс майданда әскери қызмет атқарған соң ол арнайы күштерде қызмет етті. Тұтқынға алынған италиялық диктатор Бенито Муссолиниді азат ету операциясын жүргізді. Ол Гриф операциясына да маңызды үлес қосты, сол операциясы үшін ол соғыстан кейін сотталды да. Бұл арнайы операцияда дұшпанды шатастыру үшін оның әскери киімін киіп, оның қатарына ену тактикасы қолданылды. Сонымен бірге ол Вервольф атты нацистік астыртын ұйым ұйымдастырып, соғыс біткеннен кейін де одақтастарға қарсы партизандық күресті жалғастыра бермек болды. Ол нацистік қылмыскерлерді Испанияға және басқа да елдерге (әсіресе Оңтүстік Америкаға) қашып барып бас сауғалауға көмектесетін ODESSA атты астыртын ұйым да құрды. 1970 жылы Паладин тобын құрды. Ол 1975 жылғы шілденің 6-сында испан диктаторы Франкодан бірнеше ай бұрын қайтыс болды.

Соғыстан бұрынғы өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отто Скорцени Венада көптеген өкілдері әскери қызмет атқарған аустриялық орта класс отбасында дүниеге келді. Неміс тілін ана тілі ретінде біліп, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.[3] Бірінші Дүнипежүзілік соғыстан кейінгі Аустрия зор экономикалық қиындықтарға ұшырап, Скорценидің отбасы да жоқшылықта өмір сүрді. Жасөспірім Скорцени бір күні әкесіне өзінің ешқашан нағыз сары май жемегенін айтып шағымданыпты. Сонда әкесі: «Бұдан сен ешқандай зиян шеккен жоқсың. Керісінше, үлде мен бүлдеге оранған өмірге жаман үйренбеу саған пайдалы болады» — деп жауап берді. Яғни оның балалық шағында көрген жоқтығы оны шыңдап, оның кейінгі өміріне қатты әсер етті деген сөз [1] Мұрағатталған 25 маусымның 2013 жылы.. Ол Венада 1920 жылдары студент болып жүрген кезінде сайысқа қатты әуестенген. Ол өзі 13 рет жекпе-жекке шыққан, соның 10-шысынан оның сол жақ бетінде терең тыртық қалған.

1931 жылы нацистік партияға мүше болып қабылданып, көп ұзамай нацистердің шабуыл отрядтарына қосылды. Адамдарды тез баурап алатын өте ықпалды тұлға болып, 1938 жылғы наурыздың 12-сіндегі Аустрияның Германияға қосылуын («Аншлүсс») жүзеге асыруға қатысты. Соның кезінде ол Аустрия президенті Микласты бұзақы нацистерден аман алып қалды.

Шығыс майдан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1939 жылғы Польшаны жаулап алудан кейін сол кездері құрылысшы инженер болып істеп жүрген Скорцени өз еркімен Германияның Әскери Әуе күштеріне қызметке кіруге тілек білдірді, бірақ жасы 30-дан асып кеткендіктен қабылданбады. Содан соң ол «Ваффен-СС» құрамасына өтініш жасады. 1940 жылғы ақпанның 21-інде ол «Лейбштандарте СС Адолф Һитлер» танк құрамасына қабылданып, 1941-42 жылдары Шығыс майданда соғысып, көзге түсті. 1942 жылғы желтоқсанда жараланып, Германияға қайтып оралды. Атқылаудың астында көрсеткен ерлігі үшін Темір айқышпен марапатталды.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Deutsche Biographische Enzyklopädie», Band 9 Schmidt — Theyer, K.G. Sauer, München 1998, ISBN 3-598-23169-5
  2. http://www.vho.org/D/DGG/Preradovich31_2.html Мұрағатталған 14 қарашаның 2019 жылы.
  3. Art Kramer