Отто Струве

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Отто Струве

Отто Струве (1897 жыл 12 тамыз, Харьков - 1963 жыл 6 сәуір, Беркли, Калифорния) - американ астрономы.

1919 жылы Харковь университетін бітірген. 1920 жылы АҚШ-қа эмиграцияға кетті. Ол 1932 жылдан Чикаго университетінің профессоры, 1932-1947 жылдары Йерк (Висконсин) және Мак-Дональд (Техас) обсерваторияларының директоры, ал 1952-1955 жылдары Халықаралық астрономиялық одақтың президенті болды. 1952 жылы Лондон корольдық қоғамының мүшесі болып сайланды. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен жұлдыздық спектроскопияның теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Струве жұлдыздар эволюциясының жаңа гипотезасын ұсынды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 428 бет