Орфографиялық сөздік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Орфографиялық сөздік — сөздерді дұрыс (мөлшерлік) жазу сөздігі.[1]


Орфографиялық сөздік (емле сөздік) — тілдегі сөздердің жазылу нормасын көрсететін сөздік. Қазақ тілінің тұңғыш орфографиялық сөздігі қазақ жазуының орыс графикасына көшуіне байланысты қабылданған емле ережелеріне сәйкес 1941 жылы түзілді. М. Балақаев 1948 ж. оқушыларына арналған қысқаша "Емле сөздігін" құрастырды. 1995 ж. мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне арналған "Қазақ орфографиясы жайында анықтағыш" (Р. Сыздықова) жарыққа шықты. Мектеп оқушыларына арналған орфографиялық сөздік 1960 ж., біршама толық түрі 1972 ж., ал қазақ тілінің үлкен "орфографиялық сөздігі" 1963 ж. жарық көрді. Осы сөздіктің толықтырылып, өңделген 2-басылымы 1978 ж. шықты. Орфографиялық сөздіктердің бұл басылымдарында жеке сөздермен қатар сөз тіркестерінің орфограммасы едәуір толық қамтылды. Қазақ лексикографиясында сөздердің кейбір топтарының жазылуын көрсететін емле сөздіктер де бар. Мысалы, "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі" (Г. Жәркешова). Бұл сөздіктер 1957 ж. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекіткен "Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне" сәйкес түзілді. Осы аталған Негізгі ережелерінің жаңа редакциясына (1983) сәйкес ҚР ғылым академиясының Тіл білімі институтының әзірлеуімен "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі" 1988 ж. жарық көрді.[2]

  • Қазақ тілінің орфографиялык сөздігі. А., 1941;
  • Балакаев М., Емле сөздігі. Бастауыш, жеті жылдық орта мектептерге арналған. А., 1948;
  • Сыздықова P., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959;
  • Сыздықова P., Емле және тыныс белгілері. А., 1996;
  • Жәркешова Г., Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сездігі. А., 1960;
  • Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963, 1978, 1988;
  • Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А., 1988.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.ISBN 9965-808-78-3
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3