Опцион

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Опцион (ағылш. optіon, лат. optіoтаңдау, тілек, қалау) – иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу немесе сату құқығын беретін бағалы қағаз.

Еуропалық опцион

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Егер опционға беретін құқық тек белгіленген күні ғана іске асырылатын болса, еуропалық опцион деп аталады;

Америкалық опцион

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ал егер опционда осындай құқық белгіленген күнге дейін бірқатар кезең бойына жүзеге асыру мүмкіндігі көзделсе, оны америкалық опцион деп атайды.

Опцион колл

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Опцион колл

Иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу -опцион колл деп аталады. Опцион колл құны үш факторға:

  • актив бағасының орындалу бағасына қатынасына;
  • пайыз мөлшерлемесіне;
  • опцион жазылған актив әкелетін табысқа тәуелді.

Бірінші факторда: опционды өткізу кезінде сатып алушы сатушыға орындалу бағасын төлеуге тиіс. Басқадай тең жағдайда бұл баға неғұрлым төмен болса, сатып алушы үшін солғұрлым жақсы. Демек, опцион құны опцион колл құны актив бағасының орындалу бағасына қатынасының көбеюіне қарай өсіп отырады. Екінші факторда: опционды сатып алушы опцион өткізілгенге дейін орындалу бағасын төлеуге тиіс емес. Демек, опцион пайызсыз несие нысанына ие болады. Пайыз мөлшерлемесі жоғары болған сайын, әрі орындалу мерзімі ұзақ болған сайын осы несиенің құны да жоғарылай түседі. Үшінші факторда: опцион құны жоғары болған сайын, опционды пайдалану мерзімі өткенге дейінгі кезеңде актив бір жыл ішінде әкелетін табыстың мөлшері де солғұрлым жоғары болады.

Опцион пут

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Опцион пут

Иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сату - опцион пут деп аталады. Опцион колл мен Опцион пут құнының арасында қатаң тәуелділік орын алады. Мысалы, еуропалық опцион үшін, бір жағынан, опцион колл құнының сомасы мен келтірінді орындалу бағасы тепе-тең, екінші жағынан, опцион путтың құны мен активтің ағымдағы бағасы тепе-тең. Опцион тауар айырбасының дамуымен байланысты пайда болды. Опциондық мәмілелер ұйымдастырылмаған рынокта (биржадан тыс) да, ұйымдастырылған рынокта (биржада) да жасала береді. Оның дамуындағы жаңа бағыт, біріншіден, оның биржалық саудада пайдаланылуымен және оған стандартталған келісімшарттармен сауда жасау тетіктерінің қолданылуымен байланысты (мұндай опциондар биржалық опциондар немесе еркін айналушы опциондар деп аталады), екіншіден, биржалық опциондық саудаға жаңа активтер, атап айтқанда, фьючерстік келісімшарттардың тартылуымен байланысты. Мерзімді биржа бағасында қамтылатын шарт, ол бойынша бірін-бірі теріске шығаратын немесе бастапқы шарттарды өзгертетін жекелеген мәміле шарттарының бірін таңдау құқығы беріледі.

Шын мәнінде опцион мерзімді міндеттеме болып табылады. Опцион сатушы уағдаласылған активтерді тиянақталған бағамен сатуға немесе сатып алуға (Опционның түріне қарай) міндеттенеді; сатып алушы сатып алынған құқықты актив құнының өзгеруіне қарай өткізу керек пе, жоқ па деген мәселені шешеді. Қазіргі кезде опциондық келісімшарттар тек бағалы қағаздарға (акциялар мен облигацияларға) ғана емес, сонымен бірге түрлі тауарларға да (алтын, күміс, мал, жүгері, қант, бидай, соя, т.б.), шетелдік валютаға да, тіпті қор индекстеріне де жасалады. Опционмен сауда жасау стандартталған және ол қор биржаларында сатылады. Мамандандырылған Чикаго опциондық биржасы (1973) кеңінен танымал, онда күн сайын 10 млн-нан астам акция бойынша опцион жасалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9