Оптикалық байланыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Оптикалық байланыс – оптикалық диапазондағы электромагниттік толқындар арқылы іске асырылатын байланыс түрі.[1].

Қарапайым жарық көздерімен қашыққа дабыл беру ісі ерте заманнан белгілі болған. 1960 жылы лазерлер пайда болғаннан бастап, байланыс жүйесіне оптикалық диапазондағы электромагниттік толқындарды пайдалану мүмкіндігі ашылды.

Оптикалық байланыс жүйесінің құрылымдық схемасы радиобайланысқа ұқсас келеді. Таратылатын хабар дабылға түрлендіріледі. Бұл дабыл оптикалық жиілікті тербеліс тудырады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001