Онаяқты шаянтәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Онаяқты шаянтәрізділер
Қазбалық ауқымы: Devonian–recent

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Кіші жамағаты: Шаянтәрізділер
Табы: Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер
Ұлы сабы: Eucarida
Сабы: Decapoda
Latreille, 1802
Suborders

Dendrobranchiata
Pleocyemata

Омар

Онаяқты шаянтәрізділер көбірек танымал, оларға асшаяндар, шаяндар таңқы шаяндар, тақуа шаяндар жатады. Олардың бес жұп көкірек аяқтары алға жылжуға лайықталған, бірінші жұбы көбінесе жемін ұстауға және қорғануға пайдаланатындықтан, қуатты қысқыштары бар. Басын жауып, көкірек бөлігінің үстінде күлапараға ұқсап тұратын сауыты "карапакс" деп аталады. Қатты сауыт созыла алмайды да, жануардығ өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәрізділер анда санда ескі жамылғысын тастап отырады. Жаңа сауыты қатайғанға дейін олар мүлдем дәрменсіз күйде. Онаяқты шаянтәрізділердің көбі- бентостық жануарлар, суға жүзуге салмақтары тым ауырлық етеді.

Асшаяндар болса,жорғалай да алады, жылдам жүзеді, ал қажет кезінде имек қарнымен серпіле, ыршып секіре алады. Бір қызығы, асшаяндардың көптеген түрлері өз өмірлерін еркек болып бастайды да, 15 жасқа жеткенде кезекті түлеуден кейін ұрғашыға айналып кетеді.Ұрықтанған уылдырықты олар жүзгіш аяқтарымен демеп ұстап, құрсағының астына алып жүреді.

Омарлар, қысқашсыз және тақуа шаяндар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лангуст

Омарлар-теңіздің ірі шаяндары,өзен шаянына сырттай ұқсас,бірақ салмағы 20 келіге жетеді. Қысқашсыз шаяндардың омардан айырмашылығы қысқаштары жоқ, олар тропиктік және субтропиктік теңіздердің таяз суларында кездеседі. Үшкір тікен жапқан ұзын антенна-мұрттары олар,а тек қана сезіну мүшесі ғана емес, қорғаныс құралы да болады. Тақуа шаяндардың құрсағы хитинді сауытпен қапталмаған, сондықтан олар қорғану үшін құрсақаяқты моллюскілердің босаған қабыршақтарына орналасып алады. Шаяндар қабыршақты өздерімен алып жүреді, ал қауіп төнген сәтте оның ішіне толық жасырынып қалады. Өсе келе ескі қабыршақтың орнына үлкенірек жаңасын алады. Шаян арқалап жүрген қабыршақтарғакөбінесе актиниялар немесе губкалар қоныстанып алады да, шаянға қосымша бүркеме және қорғаныс болады. Тақуа шаян пәтерін ауыстырған кезде өз тұрғындарын да жаңа қабыршаққа ауыстырып алады.

Карапакс және камчат таңқы шаяны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Карапакс біршама жалпақ, ал құрсағы соның астына қысылған онаяқты шаянтәрзділерді таңқы шаян (краб) деп атайды. Олардың арасында бентостық түрлері де бар, ал кейбір таңқы шаяндар іс жүзінде құрлық жануарына айналып кеткен, тек олардың дернәсілдері ғана теңізде дамиды. Камчат таңқы шаяны - шаянтәрізділердің еі әйгілі кәсіптік түрі, тек оның атауы онша дәл емес, себебі ол тақуа шаяндар тобына жатады да, жалпақ карапакс ғана таңқы шаянға ұқсайды. Камчат таңқы шаянының еркектерінің салмағы 8 келіге жетеді, ал аяқтарын созғанда 1,5 см болады. Бірақ олар баяу өседі, он жасында ғана жыныстық жағынан жетіледі. Бұл шаянтәрізділер Камчатка жағалауынан өте көп мөлшерде ауланады.

Камчат таңқы шаяны

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қысқашсыз шаяндар үлкен-үлкен шоғыр болып топтаса тіршілік етеді, олардың кейбір түрлеріне маусымдық өрістеу тән. Бұл кезде олар су ұзын сап түзей жылжып, әрбіреуі алдындағы шаянның құрсағына мұрттарын тигізіп жүреді.

Дерек көздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Балалар энциклопедиясы,РОСМЭН,Су астындағы тіршілік