Октябрь Қыдырбайұлы Жарылғапов
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Азаматтығы | |
Мамандандыру |
волейболшы |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Октябрь Қыдырбайұлы Жарылғапов (25 қазан 1931 Өзбекcтан, Ташкент облысы Янгиюль қаласы — 11 мамыр 1969, Алматы) — волейболшы, спорт шебері (1960). Қазақстанның (1962), КСРО-ның (1965) еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Алматы малдәрігерлік институтын (1955) және Алматы дене шынықтыру институтын сырттай оқып (1962) бітірген. 1955 —1958 жылдары волейболдан Қазақстанның құрама командасында ойнады. “Буревестник” командасының құрамында республика чемпионы (1954 — 1957).
1955 — 1962 жылдары волейболдан Қазақстан ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. Жарылғаповтың жетекшілігімен Қазақстан волейболшылары халықаралық кездесулерде жеңіске жетті.
Жарылғапов КСРО-ның, Еуропаның, дүние жүзінің және Олимпиялық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін (В.Кравченко, Ж.Сауранбаев, О.Антропов, т.б.) тәрбилеген. 1965 — 1968 жылдары Республикада спорт және дене тәрбиесін, оның ішінде волейболды дамытуға үлкен үлес қосқан.
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|