Октан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Октан, C8H18 – өзіндік иісі бар түссіз сұйықтық, қаныққан көмірсутек.[1]Балқу t = 56,8С, қайнау t =125,67С, тығыздығы 0,7025 г/см3 (20С), октан саны 17 – 19. Суда ерімейді, тек спирт, ацетон, эфирде ериді. Октан жоғарғы температурада дегидрогендеу кезінде хром катализаторлары әсерінен октендер түзеді. Изооктан және басқа да изомерлерімен бірге тікелей айдаудағы мұнай мен бензинде (10%-дай), көп мөлшерде CO мен H2-ден алынатын синтетикалық бензинде кездеседі. Өндірісте октанды ректификация нәтижесінде бөліп, несепнәрмен (мочевина) өңдеп, молекула елеуіштен өткізеді. Октан сутек, катализатор қатысында (500C температурада 10 – 20 кгс/см2 қысымда) ароматты көмірсутектер қоспасына (О-ксилол мен этилбензол) айналады. Бұл дегидроциклдену реакциясы – катализдік риформинг процесінің негізгілерінің бірі болып табылады. Октанды мұнайдың бензин фракциясынан алып, ксилол, октанол, октаналь, т.б. еріткіштер алуда қолданады. Пиролиз нәтижесінде метан, этан, этилен алынады.

A.
Октан.

Октандар. С8Н18 формулалы алкандар. Октандардың 18 изомері белгілі, олардың физикалық қасиеттері кең аралықта өзгеріп отырады. Мәселен, олардың тығыздығы 0,7028-0,6918 г/см3 қайнау температурасы 125,6-99,2°С, балқу температурасы (-56,8°С) - (-109,5°С) аралығында өзгереді. Октандар дың бүкіл изомерлері мұнай құрамында кезігіп отырады (олардың бензиндегі жалпы мөлшері 10 %-ға дейін болуы мүмкін). Октандардың мұнай құрамында ең мол үшырасатын изомерлері - я-октан (бүкіл октандардың 40 %-ын құрайды) және метилгептандар, ал октандардың фазалық изомерлерінің мұнай құрамындағы үйірімділігі мейілінше аз болып келеді. Құрамында алкандары көп мұнайлардағы күшті фазаланған октандардың өзіндік үлесі олардың құрамында цикландары көп мұнайлардағы үлесімен салыстырғанда әлдеқайда аз.[2]

Ішкі сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
A.
Изооктан.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Периодты химиялық элементтер системасы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы 7- том
  2. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0