Николай Степанович Гаев
Николай Степанович Гаев (26.7. 1921, Ресей, Қорған облысы Юргамыш ауданы Медвежье с.-17.2.2001, Алматы) - суретші.
Қондырғылы және кітап графикасы, экслибрис саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстанның халық суретшісі.
Ол Абайдың Семейдегі әдеби-мемориал музейінің тапсырысы бойынша 1968 ж. ақынның достары: С.С.Гросс, Н.Я.Коншин, П.Д.Лобановский, Е.П.Михаэлистің, балалары: Әбдірахман, Ақылбай, Мағауия мен інісі Оспанның портреттерін жазған (барлығы қағаз, қарындашпен орындалған; Абайдың мемлекеттік қорық мұражайы қорында). Гаев ақынның туғанына 125 жылдық мерейтойына арналған альбом жасауға да атсалысқан. Ақынның «Менсінбеуші ем наданды» өлеңі негізінде оның романтик. бейнесін жасаған (1971, қағаз, автосинкография, мемлекет өнер мұражайы қоры). Ал «Абай портретінде» (1990, қағаз, линогравюра, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің көркемсурет көрмесі дирекциясының қоры) ақынды халықтың ақылгөй ақсақалы ретінде көрсетеді.[1]
Суретшінің творчестволық елеулі табысына - "Тың игеру" (1960), "Жер. Космос-Жер" (1964), "Адамдар, қырағы болыңдар" (1964), "Шекарада" (1969), "Байқоңыр" деп аталатын линогравюралары жатады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1973, 3 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 26 шілдеде туғандар
- 1921 жылы туғандар
- Юргамыш ауданында туғандар
- 17 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 2001 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері
- Еңбектегі үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері
- 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері
- 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл медалінің иегерлері
- КСРО капитандары
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- КСРО кескіндемешілері
- Қазақстан кескіндемешілері
- Свердловск көркемөнер училищесі түлектері
- Қазақстан халық суретшілері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері