Николай Матвеевич Кижнер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Николай Матвеевич Кижнер

Николай Матвеевич Кижнер (9.12.1867, Мәскеу — 28.11.1935, Мәскеу) – совет химик-органигі, КСРО Ғылыми академиясының құрметті мүшесі (1934, 1929 жылдан бастап коррпорация мүшесі). 1890 жылы Мәскеу университетін бітірген. В.Ф.Лугинин мен В.В.Марковниковтың шәкірті. 1903 жылғы Томск технологиялық институтының химия кафедрасының меңгерушісі. 1918 жылғы Мәскеудегі Анилтрест ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жетекшісі. Николайдың полиметилен қатарындағы аминдер мен гидразиндерді зерттеулерінің ерекше маңызы болды. Циклдерді изомелдеу жөніндегі және аминдер мен гидраризиндердің катализдік ыдырау реакциясы карбонилдік қосылыстары көміртекке айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның органикалық бояғыштар алу әдістерін зерттеулері анилин-бояғыштар өндірісінің дамуына зор әсерін тигізді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы,5 том