Натан Гэмбл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Натан Гэмбл
Nathan Gamble
Сурет
«Батырдың жүрегі» фильмінің түсірілімі, 2010 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Nathaniel Gamble

Туған күні

12 қаңтар 1998 (1998-01-12) (26 жас)

Туған жері

Такома, Вашингтон, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

2006—қазіргі күн

IMDb

ID 1997480

nathan-gamble.com

Натан Гэмбл (ағылш. Nathan Gamble; 12 қаңтар 1998, Такома, Вашингтон, АҚШ) — америкалық киноәртіс, режиссёр, сценарийші.

Киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады. Оның дебюттік фильмі «Вавилон» көркем фильмі болды және осы фильмдегі рөлі үшін 2007 жылы «Жас Әртіс» сыйлығының номинанты атанды.

Натан Гэмбл 1998 жылдың 12 қаңтарында, АҚШ-тағы Вашингтон штатының Такома қаласында дүниеге келді.

Оның ата-анасы балалар үйірмесінің театырында режиссёр болып жұмыс жасайды. Ата-анасы: Кристи Гэмбл (ағылш. Christy Gamble) және Грэг Гэмбл (ағылш. Greg Gamble). Оның бір үлкен тәтесі — Даниэль Сумида (ағылш. Danielle Sumida) және бір кіші қарындасы — Лора Гэмбл (ағылш. Laura Gamble) бар.

Ол киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады Оның ең алғашқы фильмі 2006 жылы Вавилон көркем фильмі болды. Осы көркем фильмінен кейін оған әртүрлі танымал режиссёрлардан киноға түсуге шақыртулар келе бастады. Осы кез оның кино саласындағы мансабы шарықтап тұрған кез еді. Себебі, ол танымал режиссёрлардың фильмдерінде танымал актёрлар мен актрисалармен түсті. Қазіргі күнге дейін ол 43 әртүрлі фильмдерге, сериалдарға, қысқа фильмдарға, телешоуларға түсті.

Ол өзінің ең алғаш басты рөлін 2011 жылы Дельфин оқиғасы фильмінде ойнады. Ол фильмде жағажайда жараланған Уинтер атты дельфинді тауып алған Сойер атты баланы ойнады. Бұл көркем туындының жалғасы 2014 жылы жарық көрді. Екінші бөлімінде Уинтер есімді дельфиннің қасына тағы бір ұрғашы дельфин қажет болған. Өйткені, заң бойынша дельфиндерді акуариумде жалғыз ұстауға болмайды.

Сондай-ақ ол 2011 жылғы Батырдың жүрегі деген фильмінде әкесі Ауғанстандағы соғыста күтпеген жерден қайтыс болған баланы ойнайды. 2014 жылы жарық көрген Дельфин оқиғасы 2 фильмінен кейін Натан киноиндустриясындағы өз белсенділігін бәсеңдетті. Ол осы жылдан кейін үлкен экранда өте сирек көрініп жүр.

Фильмдер тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі Түрі
2006 Вавилон Babel Майк Джонс фильм
2006- 2008 Босқындар Runaway Томми Рейдер сериал
2007 CSI: Қылмыс орны CSI: Crime Scene Investigation Кобе Фарентино сериал
2007 Ізсіз Without a Trace Кобе Фарентино сериал
2007 Диггерлер Diggers Бала қысқа фильм
2007 Түнек The Mist Билли Дрэйтон фильм
2007 Deeply Irresponsible сериал
2008 Елестермен сөйлесуші Ghost Whisperer Эллиот Хейли сериал
2008 Құрғақ жаңбыр Dry rain Джоуи қысқа фильм
2008 Қара сері The Dark Knight Джеймс Гордон кіші фильм
2008 Дәрігер Хаус House M.D. Эван сериал
2008 Марли және Мен Marley & Me Патрик Гроган (10 жас) фильм
2009 Хэнк Hank Генри Прайор сериал
2009 Қақпа 3D The Hole Лукас Томпсон фильм
2010 Ауысқан Displaced Даниэль қысқа фильм
2010 Жеке тәжірибе Private Practice Коди сериал
2010 Сәттілік Чарли Good Luck Charlie Остин сериал
2011 Батырдың жүрегі 25 Hill Трей Колдвелл фильм
2011 Теңіз полициясы: Лос-Анджелес NCIS: Los Angeles Шон Колдер сериал
2011 Fetch Линни Қысқа фильм
2011 Дельфин оқиғасы Dolphin Tale Сойер Нельсон фильм
2012 The Audition Риз қысқа фильм
2012 Қымбатты Дракула Dear Dracula Сэм (дыбыстау) фильм
2012 Менің барлық президенттерім All my presidents Франклин қысқа фильм
2012 The Frontier Сэмюэл Хейл фильм
2013 Голдбергтер The Goldbergs Гарри Бол сериал
2013 Мэрон Maron Бен сериал
2013 Аспаннан тыс Beyond the Heavens Оливер Генри фильм
2014 Дельфин оқиғасы 2 Dolphin Tale 2 Сойер Нельсон фильм
2014 Mike's Kooky Summer Режиссерлік жұмыс қысқа фильм
2015 CSI: Киберкеңістік CSI: Cyber Аарон Ситтер сериал
2016 Мэри+Джейн Mary+Jane Мэйсон сериал
2018 Swiped Даниил фильм
2019 The choice Ұл қысқа фильм
2022 Skate God Гэйдж фильм

Марапаттар мен номинациялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Марапат Жұмыс Санат Нәтиже
2007[1] Жас Әртіс Марапаты Вавилон Көркем фильмдегі ең жақсы қойылым — он жас немесе одан да кіші жас актер Номинация
Fright Meter Award Түнек Үздік қолдаушы актер Номинация
2008[2] Жас Әртіс Марапаты Түнек Көркем фильмдегі ең жақсы қойылым — он жас немесе одан да кіші жас актер Номинация
2009 Жас Әртіс Марапаты Марли және Мен Көркем фильмдегі ең жақсы қойылым — қолдаушы жас актер Номинация
Жас Әртіс Марапаты Дәрігер Хаус Ең үздік қойылым — басты рөлдегі қонақ жас актер Номинация
2012[3] Grace Award Батырдың жүрегі Фильмдегі ең шабыттандырғыш қойылым үшін MovieGuide сыйлығы Номинация
Жас Әртіс Марапаты Дельфин оқиғасы Көркем фильмдегі үздік рөл — жетекші жас актер Номинация
2015 Жас Әртіс Марапаты Дельфин оқиғасы 2 Көркем фильмдегі үздік рөл — жетекші жас актер Номинация

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 28th Annual Young Artist Awards. YoungArtistAwards.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 маусым 2012. Тексерілді, 27 мамыр 2012.
  2. 29th Annual Young Artist Awards. YoungArtistAwards.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 маусым 2012. Тексерілді, 27 мамыр 2012.
  3. 33rd Annual Young Artist Awards. YoungArtistAwards.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 маусым 2012. Тексерілді, 27 мамыр 2012.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Nathan Gamble