Мәскеу физика-техникалық институты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Координаттар: 55°55′46″ с. е. 37°31′14″ ш. б. / 55.92944° с. е. 37.52056° ш. б. / 55.92944; 37.52056 (G) (O) (Я)
Мәскеу физика-техникалық институты
Мәскеу физика-техникалық институты
Ұраны:
Sapere aude
(Білімге құштармыз)
Университет атауы
Халықаралық атауы Moscow Institute of Physics and Technology
Бұрынғы атауы ММУ-дың физика-техникалық факультеті
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1946/1951
Түрі мемлекеттік
Орналасуы
Орналасқан жері Долгопрудный қаласы, Мәскеу облысы

Жуковский қаласы, Мәскеу облысы

Мекенжайы 117303, Мәскеу,
Керченская улица,  1А, корп. 1
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Бакалавриат 3319
Магистратура 1158
Аспирантура 600
Марапаттары Қызыл Ту ордені
Сайты http://www.mipt.ru

Мәскеу физика-техникалық институты (мемлекеттік университеті) - Мәскеуде, Мәскеу облысының Долгопрудный мен Жуковский қалаларында орналасқан, негізінен техникалық бағыттағы Ресейлік ғылыми-зерттеу университеті. Бұл университет Ресейдегі өзге де 28 университетпен біріге отырып, Ұлттық ғылыми зерттеу университетін құрайды. Халық арасында "Физтех" атауы қолоданылады. МФТИ-дағы оқыту процесінің негізгі ерекшелігі "Физтех жүйесі" деп аталатын ерекше жүйе болып табылады. Бұл жүйеге жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын студенттерді дайындайтын "Тереңдетілген математика мен физика" бағыты, "Жүйелік анализ және басқару", "Информатика және есептеуіш машиналар" және "Компьютерлік қауіпсіздік" бағыттары кіреді. 2009 жылы "Тереңдетілген математика және информатика" деп аталатын жаңа бағыт ашылған болатын.

Ашылу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Институттың ашылуына әсер еткен тұлғалардың қатарына КСРО Ғылым академиясының мүшелері, Нобель сыйлығының лауреаттары, П. Л. Капица, Н. Н. Семёнов пен Л. Д. Ландау және С. А. Христианович жатады. Олардың мақсаты ғылыми жұмысшыларды дайындаудың жаңа жүйесін ойлап табу болатын.

Мұндай жүйенің кішкене бөліктері 1920-жылдары А. И. Иоффенің қол астында болған Ленинградтық политехникалық институттың физика-техникалық факультетінде орындалған болатын. Ғалымдардың ойы бойынша, бұл оқу орны өнеркәсіпте, зертханалар мен ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін зерттеуші инженерлер мен техникалық жоғарғы оқу орындарындағы кафедра басшыларын дайындауы керек еді. Физика-техникалық институтты ашу жайлы арнайы қаулы дайындалған болатын, айлайда Ұлы Отан соғысы басталып кетті.

Ұлы Отан соғысынан кейін мемлекеттегі ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі байқалып, П. Л. Капица Сталинге 1946 жылдың 1-ақпанында тікелей хат жазады. Нәтижесінде, 1946 жылдың 1-қыркүйегінде жаңа оқу орны есігін ашады.

МФТИ рейтингі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі МФТИ-ға "В" атаулы рейтинг дәрежесін берді. Бұл дәреже түлектердің білім сапасы "өте жоғары" университеттерге беріледі. ТМД-да осы рейтингте көш бастап, "А" атаулы ("ерекше жоғары") рейтинг дәрежесін алған жалғыз университет Мәскеу мемлекеттік университитеті болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Карлов Н. В. Повесть древних времён, или предыстория Физтеха. — Издание 2-е, испр. и доп. (препринт). — М.: Центр гуманитарного образования МФТИ «Пётр Великий», 2005. — 200 с. — 200 экз.
  • Карлов Н. В. Книга о Московском Физтехе. — М.: Физматлит, 2008. — 600 с. — 300 экз. — ISBN 978-5-9221-1003-7.