Мәриям-ана үйі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эфестегі Мәриям-ана үйі

Мәриям-ана үйі (түрікше: Meryem ana немесе Meryem Ana Evi, "ағылш. Mother Mary's House")- Түркия мемлекетінің Эфес аймағындағы Бұлбұл тауында орналасқан христиан және мұсылман ғибадатханасы. Көптеген мұсылмандар мен христиандардың сенімі бойынша Иса пайғамбардың анасы Мәриямды әулие Иоанн осы тас үйге әкелген. Мәриям-ана мұнда католиктер және прославтар сенімі бойынша жаннатқа барар алдындағы жердегі өмірінің соңғы күндерін өткізген.

Француз дін қызметшісі, париждік аббат Джулиан Гоуиет Эгей теңізіне жоғарыдан қарап тұрған таудағы тастан салынған кішкене ғана құрылыс пен Түркиядағы ежелгі Эфес аласының қираған қалдықтарын байқап, оны ашқан еді.

Жыл сайын тамыз айының 15-і күні католик, православ және мұсылман дін басшылары осы ғибадатханада біріккен құлшылық қызметтерін ұйымдастырады. Мәриям-ананың үйі - адамзат баласының діни сенімдерінің дамуына куә болған маңызды орындардың бірі. Базилик Византия императоры Юстинианның бұйрығымен б.з.б. VI ғасырда салынды.

Эфеске оралғаннан кейін Мәриям-ана қатты әлсіреп, 64 жасында қайтыс болды. Мәриям- ананың төңірегіндегі әулиелер жерлеу рәсімін ұйымдастырды. Мәриям-ананың Эфестегі бұл ғибадатханасы Мәриям-анаға арналған шіркеулердің ішіндегі ең көнесі болып табылады. Ғибадатхана күні бүгінге дейін лазарист папалардың қарауында.

Жергілікті екі монах әйел Құдай-ананың үйін күнделікті бақылап тұрады. Мәриям-ана ғибадатханасы мұсылмандарға да, христиандарға да киелі орын болып саналады. Рим католик шіркеуі Мәриям-ананың осы үйің оның осы үйде өмірден қайтқанын ешқашан мойындаған емес. Эфестегі Мәриям-ананың үйі — Мәриям-анаға арналған шіркеулердің ішіндегі ең көнесі болып табылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:House of Virgin Mary in Ephesus