Мәнет Теңелбайқызы
Теңелбайқызы Мәнет (1967 жылы туған, Форт-Шевченко) – мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2005). Атырау қаласындағы мәдени-ағарту училищесін (1987) бітірген. «Маңғыстау балық тоңазыту» басқармасы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі (1988 – 1993), аудан әкімі аппаратының ауданы телерадио хабарын таратуды ұйымдастырушы (1993 – 1997), ауданы білім бөлімінің ақпараттар тарату жөніндегі әдіскері (1997 – 1999), аудан әкімі аппаратының «Жастар ісі, туризм және спорт» бөлімінің меңгерушісі (1999 – 2000) болды. 2000 жылдан Ақшұқыр мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының директоры болып жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |