Мұхаммед Ағзам

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мұхаммед Ағзам
محمد اعظم
Мұхаммед Ағзам
Лауазымы
Ту
Ту
Ұлы Моғолдар патшалығының падишаһы
14 наурыз 1707 — 19 маусым 1707
Ізашары I Әлемгір
Ізбасары I Баһадүр
Ту
Ту
Гуджараттың субадары
1701 — 1706
Ту
Ту
Бенгалияның субадары
1678 — 1679
Ізашары Кока Ағзам хан
Ізбасары Шаиста хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 8 шілде 1653 (1653-07-08)
Бурханпур,
Ұлы Моғолдар патшалығы
Қайтыс болуы 19 маусым 1707 (1707-06-19) (53 жас)
Джаджау,
Ұлы Моғолдар патшалығы
Жерленді Хумаюн кесенесі, Дели
Әкесі I Әлемгір
Анасы Рабиға Дурани бегім Сахиба
Жұбайы Рахмет Бану бегім
Балалары Ұлдары:
7 ұл
Қыздары:
3 қыз

Мұхаммед Ағзам (урду: محمد اعظم‎; 8 шілде 1653 жыл19 маусым 1707 жыл) — Ұлы Моғолдар патшалығының 7-ші падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың жүрежаты. I Акбардың шөпшегі.

Толық атағы: Падишаһ-и-Мүмәлік, Әбілпейіз Кутубуддин Мұхаммед Ағзам, Шаһ-и-Әли, Шаһ Ғази.

Мұхаммед Ағзам 1653 жылдың 8 шілдесінде Бурханпурда дүниеге келді. Ол I Әлемгірдің үшінші ұлы болатын. 1678 жылы Кока Ағзам хан қайтыс болуы себепті I Әлемгір Мұхаммед Ағзам шаһзаданы Бенгалияның субадары етіп тағайындады. 1681 жылы шаһзада Шаһ-и-Әли деген мансапты иеленіп, тақ мұрагері болып жарияланды. 1685-1686 жж. тақ мұрагері әкесінің маратхилерге қарсы соғысына қатысты. 1701 жылы Гуджараттың субадары болып тағайындалды.

Билеген жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1707 жылдың наурызында I Әлемгір қайтыс болуы себепті падишаһтың үш ұлы Мұхаммед Ағзам, Мұхаммед Муаззам (келешектегі I Баһадүр) және Мұхаммед Кам Бахш бір-біріне қарсы тақ үшін соғыс бастады. Мұхаммед Муаззам сол кезде тақ мұрагері еді, және ол үлкен әскермен Кабулдан патшалық елордасы Аграға жорық бастады. Мұхаммел Ағзам да тақ иелену құқығын білдіріп, өзін падишаһ етіп жариялайды. Мұхаммед Муаззамның екінші ұлы Шаһзада Сұлтан Азимуш Шан Бенгалиядан әскер бастап, елорданы басып алды. Тек елордалық қорған оған берілмеді. Сол айда Мұхаммед Ағзам Шаһ Аграға жорық жасап, 14 наурызда падишаһ тағына отырды. Елордалық қорған басшысы оны падишаһ деп мойындап, оған берілді. Сол жылдың маусымында Шаһзада Мұхаммед Муаззам Аграға жақындады. Шешуші шайқас 18 маусымда Джаджау деген жерде өтті. Мұхаммед Ағзам Шаһтың әскерінде 45 мың жауынгер және 65 мың атты әскер болды. Оның Асад хан мен оның баласы Зүлфикяр хан қолдады. Екі жақтың шығын 10 мың жауынгерге жетті. Нәтижесінде Шаһзада Мұхаммед Муаззам Мұхаммед Ағзам Шаһты жеңді. Шайқаста падишаһ пен оның екі ұлы қайтыс болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]