Мусковит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Muscovite

Muscovite with albite from Doce valley, Minas Gerais, Brazil (dimensions: 6×5.3×3.9 cm)
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы KAl2(AlSi3O10)(F,OH)2
Strunz classification 09.EC.15
Dana classification 71.02.02a.01
Crystal symmetry 2/m – prismatic
Unit cell a = 5.199 Å, b = 9.027 Å, c = 20.106 Å, β = 95.78°; Z = 4
Ерекшеліктері
Түсі White, grey, silvery
Кристал пішіні massive to platy
Сингониясы Monoclinic (2/m), space group C 2/m
Twinning common on the [310] less common on the {001}
Үгітіндісі Perfect on the {001}
Агреттары Micaceous
Беріктігі Elastic
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 2–2.5 parallel to {001}
4 right angle to {001}
Streak White
Diaphaneity transparent to translucent
Үлес салмағы 2.76–3
Оптикалық сипаты Biaxial (-)
Refractive index nα = 1.552–1.576
nβ = 1.582–1.615
nγ = 1.587–1.618
Birefringence δ = 0.035 – 0.042
Pleochroism weak when colored
Dispersion r > v weak
Ultraviolet fluorescence None
Дереккөздер [1][2][3]
Оклахома штатында сирек кездесетін мусковит, АҚШ

Мусковит[4] – силикаттар класының минералы. Химиялық формуласы: KAl2AlSі3O10(OH)2. Құрамына изоморфты түрде калийдің орнына Na, Rb, Cs, Ga, Ba, алюминийдің орнына V, Mg, Fe, Mn, Lі, Cr, Tі кіреді. Кристалдық құрылымы тетраэдрлердің үздіксіз қабатынан тұрады. Химиялық құрамының түрліше өзгерулері мен жаралу жағдайларына қарай мусковиттің фенгит, фуксит, ферримусковит, серицит, т.б. түрлері болады. Моноклиндік сингонияда кристалданады, кристалдары тілімше, пластинка, жапырақ, ромб, агрегаттары қабыршақ түрінде кездеседі. Мусковит түссіз, хром, темір, марганец сияқты хромофорларға байланысты сарғыштау, жасылдау, сұрғылт, қызғылт болып, шыныша жылтырайды. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2 – 3; тығыздығы 2,76 – 3,10 г/см3; электр тогын өткізбейді. Мусковит тау жыныстарын құраушы минерал ретінде граниттердің, гранит пегматиттерінің, грейзендердің, тақтатастардың құрамында ұшырасады. Метаморфтық процестерде дала шпаттары, андалузит, кордиерит, сазды минералдар, т.б. бойынша дамиды. Мусковит бойынша Ar және Sr әдістерімен тау жыныстарының абсолюттік жасы анықталады. Ірі кристалды мусковит электроқшаулағыш ретінде конденсаторлар, радиошамдар, радиобөлшектерін жасау өндірісінде пайдаланылады. Қабыршақты мусковит күміс түсті бояу, слюдопластар үшін қолданылады. Мусковит кендері Үндістанда, Шығыс Сібірде, Оралда, Кола түбегінде, Украинада шоғырланған. ұсақ түйірлі Мусковит Қазақстанның көптеген гранитоид интрузиялары мен метаморфтық жыныстарының құрамында кездеседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ энциклопедиясы
  1. Muscovite mineral information and data Mindat
  2. Muscovite Mineral Data Webmineral
  3. Handbook of Mineralgy
  4. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том