Монблан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Монблан

Монблан (фр. Mont Blanc, итал. Monte Bіanco) — Батыс Альпідегі тау массиві. Франция мен Италияның шекарасында орналасқан. Таудың ұзындығы 50 км. Батыс Еуропаның ең биік жері (4807 м).Гранит, гнейс, кристалды тақтатастардан құралған. Жер бедері күшті тілімденген; альпілік тау жасалуда пайда болған. Кен байлықтары: темір, магнезит, пирит, көмір, мыс, мырыш, қорғасын. Мұз басқан бөлігінің ауданы 200 км2-ден астам. Ең ірі мұздығы – Мер-де-Глас (ұзындығы 15 км). Туризмнің орталығы. Монбланда астрономия обсерватория бар. Монблан арқылы Франциядан Италияға автомобиль тоннелі (ұзындығы 11,6 км) салынған.[1]

Франция жағынын қарағандағы Монблан

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.