Михаил Давидович Тавитов
Михаил Давидович Тавитов(04.01.1914 ж.т., Солтүстік Осетин ,Дигорск ауданы., Карман-Синдзикау селосы.)- қазақстандық ғалым- зоотехник, экономика ғылымының кандидаты (1966), Кеңес Еңбек Ері (1948). 1946 жылдан КПСС мүшесі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тавитов Мәскеу зоотехника институты жанындағы жұмысшлар факультетін (1936) және осы институттың қой өсіру факультетін бітірді (1941). Түрікмнестан КСР «Ербент», «Чемин-Абид» және Сараджин селхоздарында директордың орынбасары, аға зоотехник (1941-1948). Астрахань облысы «Қаракөл» селхозының директоры, трест директоры (1953-1955), МХР-дің ауыл шаруашылығы министрлігінде кеңесші (1955-1958), Шымкент облысы Байырқұм селходында бас зоотехник (1958-1960), Шымкент облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1960-1963), Қазақ АКСР ауыл шаруашылығы министрлігінде әр түрлі қызметте болды(1963-1968). 1968 жылдан Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік иснтитуында да кафедра меңгерушісі. Тавитов қаракөл қойын селекциялау және қара көл шаруашылығы экономикасы жөнінде отыздан астам ғылыми еңбек жариялады.
Сыйлықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ленин орденімен және медальдармен марапатталды.
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 513 бет