Металдарды термиялық өңдеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Металдарды термиялық өңдеуметалдан және қорытпадан жасалған заттардың, бұйымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жылулық өңдеу процестерінің жиынтығы.[1]

Металдарды термиялық өңдеу термиялық (жылу әсерімен), химиялық-термиялық және термомеханика (термиялық және пластикалық деформация аралас) болып бөлінеді.

Термиялық өңдеубірінші және екінші реттік жасыту, шынықтыру, жұмсарту, ескіру деп жіктеледі. Бірінші реттік жасыту металдар мен қорытпаларды құю, қысыммен өңдеу, пісіру, т.б. технологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын ақауларды жою үшін пайдаланылады. Болаттарды өңдеуде екінші реттік жасытудың бірнеше түрі пайдаланылады. Шынықтыру нәтижесінде болаттың құрылымы мартенситке айналып, қаттылық, беріктік, үйкеліске шыдамдылық қасиеттері артады. Жұмсарту процесінде болаттың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттері жоғарылайды.

Химиялық-термиялық өңдеу – болат бетінің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертеді. Ол – цементтеу, азоттау, циандау, диффузиялау металдау болып бөлінеді. Термомеханикалық өңдеу – термиялық және пластикалық деформациядан тұрады. Мұндай өңдеу төмен температуралы және жоғары температуралы болып ажыратылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  2. Қазақ энциклопедиясы