Мектеп-Коммуна
Мектеп-Коммуна — оқу-тәрбие орны. РКФСР-де педагогикалық және еңбек мектептерінің тәжірибелік мәселелерін жүзеге асыру мақсатында 1918 жылдан құрыла бастады. Мектеп-коммуналардың негізгі міндеті балалардың дене және ақыл-ой дамуына жағдай жасап, оларға бастауыш білім берумен бірге, еңбек дағдыларын қалыптастыру болды. Мектеп-коммуналар 1-басқышты (оқу мерзімі — 4 — 7 жыл) және 2-басқышты (оқу мерзімі — 9 жыл) болып екіге бөлінді. Олардың жандарынан интернаттар ашылды. 1926 жылы ҚазКСР Халкомкеңесі мектептегі оқу-тәрбие жұмысын реттеп отыратын “Қазақ мектеп-коммуналарының жарғысын” бекітті. Қазақ мектеп-коммуналарына жер телімдері, Ауыл шаруашылық құрал-саймандары, мал бөлінді. Алғашқы жеті жылдық тәжірибелік мектеп-коммунасы 1919 жылы Орынборда ашылды. 1928 жылы мектеп-коммуна Семейде құрылды. 1925 — 26 жылы республикада 37 мектеп-коммуна жұмыс істеп, оларда 4510 адам оқыды. Кейін мектеп-коммуна жалпы білім беретін мектептерге айналды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |