Махмұд Шабустари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Махмұд Шабустари
Mahmud Şəbüstəri
Жалпы мағлұмат
Туған күні

1287 (1287)

Туған жері

Тебриз

Қайтыс болған күні

1320 (1320)

Қайтыс болған жері

Тебриз

Шығармашылығы

Махмұд Шабустари ибн Абдулкәрім (1287-1320) - әзірбайжан философы-пантеист. Махмұд Шабустаридың "Құпия-сыр бақшасы" деп аталған философиялық поэмасы ағылшын, неміс, француз, түрік тілдеріне аударылды. Махмуд Шабустари Платонның дүние екі жақты дегеніне қарсы шығып, "дүние біртұтас", "болмыс сырттай алуан түрлі болғанымен, іштей біртұтас" - дейді. Махмуд Шабустаридың пікірінше, тәңір мен табиғат біртұтас болып жаралған; құдай табиғатпен имманентті, онымен ажырамастай бірлікте. Махмуд Шабустари сонымен бірге "форма материясыз, материя формасыз сияқты, болмыссыздан басқа ешетеңе емес", дүниедегі барлық заттар болмыссыздықтың осы екі түрінен құралады деп ұйғарды. Махмуд Шабустари органикалық дүние ұзақ эволюциялық жолдан өтіп барып неорганикалық дүниеден пайда болды дегенді айтады. Төрт элементтің (от,ауа, су, жер) қосындысы мен араласуынан, - деп жазды ол, - минералдар пайда болады, минералдардан өсімдік, өсімдіктерден жануарлар, жануарлар дүниесінен (әбден жетілгеннен кейін) адам пайда болды. Махмуд Шабустари адам ұзақ эволюцияның нәтижесі, тікелей маймылдан шыққан дейді.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақ энциклопедиясы