Массив

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Массив (латынның massa сөзінен туындаған француздың massif сөзі - "жақпартас") —

  1. Тектоникада: өзіне іргелес яки көршілес жатқан тектоникалық құрылымдармен салыстырғанда көнелеу, көп уақыттар бойы жоғары көтерілуі нәтижесінде ашылып қалған, қазіргі кезеңде тектоникалық тұрғыдан салғырт тектоникалық құрылым. Платформалық тыстың жемірілуі нәтижесінде ашылып қалған антеклизалардың ортаңғы өңіріне тән кристалдық іргетастар да массив деп аталады (мысалы, Анабар Массивы).
  2. Петрографияда: пішіні мен орналасу заңдылықтары бимәлім интрузиялық денелер шоғыры.
  3. Геоморфологияда: ұзындығы мен ені бір-біріне шамалас, онша биік емес, өзін қоршаған ортадан анық ерекшеленетін тау жотасы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0