Мари тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мари тілінің грамматикасы кітабының титул беті (1775)

Мари тілі, чирмыш (черемис) тілі, фин-угор тілдері шоғырының еділ тармағына жатады.

Мари тілі мордва мен пермь тілдері ортасындағы аралық тіл. Мари тілінің жазуы кирилл әліпбиіне негізделген, 10 дауысты, 24 дауыссыз фонема бар. Қопармалы (флективті) тіл элементі кездесетін жалғамалы (агглютинативті) тіл саналады.

Мари тілінде орыс, татар, чуваш тілдерінен енген сөздер көп. Мари тілін зерттеу 18 ғ-дан басталады, алғаш жарық көрген кітаптары — «Катехизис» (1803) пен «Інжіл» аудармалары (1821). Жазба ескерткіштерін зерттеу ісіне венгр ғалымы Э. Беке мен фин зерттеушісі М. Рясянен үлес қосты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9