Марио Гётце

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Марио Гётце Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

3 маусым 1992 (1992-06-03) (32 жас)

Туған жері

Мемминген, Германия

Азаматтығы

 Германия

Бойы

176 см

Салмағы

64 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

еркін агент

Клуб карьерасы[* 1]
2008—2013 Германия Боруссия Дортмунд 83 (22)
2013—2016 Германия Бавария (Мюнхен) 73 (22)
2016—2020 Германия Боруссия Дортмунд 75 (13)
2020— Нидерланд ПСВ 3 (2)
Ұлттық құрамы[* 2]
2010—2017  Германия 63 (17)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Марио Гётце (нем. Mario Götze, 3 маусым 1992 жыл[1], Мемминген, Германия) — неміс футболшысы, шабуылшы. 2014 жылғы әлем чемпионы.

2008 жылы карьерасын "Боруссияда" (Дортмунд) бастады. Сол жылы 21 қарашада Германия Бундеслигасында тұңғыш рет алаңға шықты. Ол ойын "Майнц 05" клубына қарсы өтті де, ойынға тыңнан 88-минутта қосылды. Келесі ойынын тек 17 қаңтарда ғана "Кельнге" қарсы өткізді.

2010/11 жылғы маусым барысында негізгі құрамға толық орнықты.

2013 жылы жазда "Бавариямен" келісім шарт жасасты. Трансфер құны 37 млн еуроны құрады. 24 тамыз күні тұңғыш ойынын "Нюрнбергке" қарсы өткізді. "Бавария" сапындағы тұңғыш жүлдесін сол айда ұтып алып, УЕФА Суперкубогы иесі атанды. "Челсимен" ойында 71-минутта Томас Мюллердің орнына алаңға шықты. Қатарынан үш маусым Германия чемпиондығына қол жеткізді.

2016 жылы шілдеде "Боруссияға" қайта оралды. Тұңғыш ойынын 2-ші турда "РБ Лейпцигке" қарсы өткізді.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2010 жылы өткізді.

2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына, 2014 жылы Әлем чемпионатына қатысты. 2014 жылғы әлем чемпионатында екі гол соқты, бірін топтық кезеңде Гана қақпасына, екіншісін финалда Аргентинаға енгізді. Соңғы голы финалдық ойынның тағдырын шешті де, Гетце турнир қаһарманы атанды.

"Боруссия" сапындағы көрсеткіштері нашарлап кетті де, 2018 жылғы әлем чемпионатына бармады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Боруссия (Дортмунд)»
  • Германия чемпионы (2): 2010/11, 2011/2012
  • Германия кубогы (2): 2011/2012, 2016/2017
  • Германия суперкубогы: 2019
«Бавария»
  • Германия чемпионы (3): 2013/2014, 2014/2015, 2015/2016
  • Германия кубогы (2): 2013/2014, 2015/2016
  • УЕФА суперкубогы (1): 2013
  • Клубтар әлем чемпионаты (1): 2013

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Германия»
  • Әлем чемпионы (U-17): 2009
  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012, 2016
  • Әлем чемпионы: 2014

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]