Марат Өмірсерікұлы Әйнеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Марат Өмірсерікұлы Әйнеков (22.06.1941 жыл, Балқаш — 2014) — суретші-монументші, мүсінші.

Арғын тайпасының Тобықты руының Жуантаяқ бөлімінен шыққан. Әкесі - Әйнеков Өмірсерік, марқұм, жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Әйнекова Нұргүлше, марқұм, киім пішуші болған.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1967) мүсінші, оқытушы мамандығы бойынша; Ленинградтың Көркемөнер академиясын (1973) мүсінші-суретші мамандығы бойынша бітірген.

Монументтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Даңқ мемориалы (Шымкент)
Абай ескерткіші (Мәскеу)
  • «Фламинго» (Алматы қаласы)
  • «Құс» (Аташехир қаласы, Түркия, 2001)
  • «барокко» стиліндегі сарайға арналған мүсіннің, қабырға рельефтерінің, қасбеттің, мәрмәр отырғышының (Анкара қаласы, Түркия);
  • Абай бюстінің (Кечиорен қаласы, Түркия, 2002);
  • «Мағжан Жұмабаев» естелік тақтасының (Кечиорен қаласы, Түркия) авторы.

Туындылары Таксим муниципалитетінің көрме залында (Стамбул қаласы, 1997), «ТарыкЗафер Туная» көрме салонында (Стамбул қаласы, 1998), «Алтунизаде» мәдениет орталығында (Стамбул қаласы, 1998), Ататүрік атындағы Көрме салонында және Мәдениет орталығында (Стамбул қаласы, 1998) қойылған. Тас мүсіндемесі бойынша 5 симпозиумді ұйымдастырған.

Чехословакия, Германия, Польша, Нидерланд, Венгрия, Таиланд, Өзбекстан, Украина, Түрк халықаралық симпозиумдарға қатысқан.

  • 1973-1990 жылдары - мүсінші, Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің арнайы пәндер оқытушысы.
  • 1978-1988 жылдары - Қазақстанның бас суретшісі
  • 2009 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы мүсін кафедрасының доценті.
  • Қазақстанның (1973-1993), Ресейдің Суретшілер мен мүсіншілер одағының мүшесі; ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі.

Польшада (1986), Германияда (1989), Түркияда (2001) мүсіндеу өнері бойынша өткен халықаралық симпозиумдардың қатысушысы.

Марапаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1987)
  • Тас мүсіндеме бойынша халықаралық симпозиумның алтын медалімен (Ороньск қаласы, Польша, 1986)
  • КСРО Суретшілер одағының, биеннале (Баку қаласы, 1983) Құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • Тас мүсіндеме бойынша халықаралық симпозиумда 1-ші орынды иеленді (Хойесверде қаласы, Германия, 1989).
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
  • Үйленген. Жұбайы - Бейсалиева Зияда Садық қызы (1943 жылы тұған), зейнеткер, фармацевт болып жұмыс істеген.
  • Қыздары - Әйнекова Мәдина (1964 жылы туған), Әйнекова Жәмиля (1973 жылы туған);
  • ұлы - Әйнеков Саид (1975 жылы тұған).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2