Манхэттен жобасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Манхэттен жобасы (Manhattan Project) — АҚШ билігінің зерттеу жобасы (1942–45), оны жүзеге асыру бірінші атом бомбасын жасауға ықпал етті.[1]

1939 жылы АҚШ ғалымдары президент Ф.Рузвельтті ядролық ыдыратуды әскери мақсатта қолдану мүмкіндігін зерттеу бағдарламасын бекітуге көндіреді; бұған 6000 доллар бөлінеді.

1942 жылға таман жоба ертеректе зерттеудің көп бөлігі өткізілген Колумбия университеті орналасқан жеріне байланысты «Манхэттен» деген кодты атауға ие болды. Сондай-ақ зерттеулер Калифорния университетінде және Чикаго университетінде өткізілген. 1943 жылы бомбаны өндіретін зертхана Нью-Мексикодағы Лос АЛАМОСТЕ құрылған, оның штатына енген ғалымдарды Р.ОППЕНГЕЙМЕР басқарған.

Өндіріс Теннеси шт. Ок Риджде де, Вашингтон шт. Хартфордта да салынған болатын.

Бомба алғаш рет Нью-Мексиконың оңтүстігіндегі Аламогордо авиабазасында сынақтан өткізілді. Жалпы, жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 2 миллиарда доллар жұмсалды, оған 125 000 адам қатысты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)