Малабо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Малабо
ис. Malabo
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Экваторлық Гвинея

Провинция

Солтүстік Биоко

Мэр

Мария Колома Бенгоно

Тарихы мен географиясы
Координаттары

3°45′09″ с. е. 8°46′31″ ш. б. / 3.752407° с. е. 8.775265° ш. б. / 3.752407; 8.775265 (G) (O) (Я)Координаттар: 3°45′09″ с. е. 8°46′31″ ш. б. / 3.752407° с. е. 8.775265° ш. б. / 3.752407; 8.775265 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1827

Бұрынғы атаулары

Санта-Исабель

Жер аумағы

21 км²

Орталығының биiктігі

0 м

Уақыт белдеуі

UTC+1

Тұрғындары
Тұрғыны

297 000[1] адам (2018)

Малабо картада
Малабо
Малабо

Малабо (ис. Malabo) (1973 жылға дейін Санта-Исабель, Santa Isabel) — Экваторлық Гвинеяның астанасы, порт, аэропорт.

Биоко (немесе Фернандо-По) аралының солтүстік жағында орналасқан. Экваториалдық Гвинеяның коммерциялық және қаржы орталығы.

Ағаш тілу және өндеу, пальма майы, сабын кәсіпорындары бар. Шетке какао, кофе, жеміс, жидек, ағаш материалдары шығарылады.

1969 жылғы елдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін европалық тұрғындардың саны көп қысқарды.

1980-ші жылдардың орталарында мұнайдың жаңа кен орындары табылғаннан кейін қаланың даму қарқыны, халықтың жұмыспен қамтылуы 90%-ға көтерілді.

Ортажылдық жауын-шашын мөлшері - 1900 мм, ауаның орта температурасы 25°С. Жалпы климаты қолайсыз болып саналады.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. World Gazetteer. Equatorial Guinea: largest cities and towns and statistics of their population. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 маусым 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 27 қараша 2008.