Майра Смайылқызы Ғұмарова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Майра Смайылқызы Ғұмарова
Туған күні

27 сәуір 1961 (1961-04-27) (63 жас)

Туған жері

Дамба, Балықшы ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР

Азаматтығы

 Қазақстан
 КСРО (1961-1991)

Ұлты

қазақ

Қызметі

тілші, мемлекеттік қайраткер

Майра Смайылқызы Ғұмарова (1961 жылы 27 сәуірде Гурьев облысы Балықшы ауданының Дамба ауылында туған) — журналист, мемлекеттік қайраткер.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1990), журналист. Ұлты - Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1978 жылдан - Маңғышлақ облысы Ерәлиев кенті №7 ОМ аға пионер жетекшісі.

1980 жылдан - «Маңғыстау» облыстық газетінің корректоры (Форт-Шевченко қ.).

1982 жылдан - Гурьев облысы Балықшы ауданының «Каспий арайы» газетінің корректоры.

1986 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті; Маңғышлақ облысы Қарақия ауданы «Түлеген түбек» газетінің бөлім меңгерушісі.

1995 жылдан - коммерциялық «Альбаз» телеарнасының журналисі (Жаңаөзен қ.).

1997 жылдан Жаңаөзен қаласы қалалық коммуналдық шаруашылық кәсіпорынының инженері.

2000 жылдан - коммерциялық «МИК ТВ» телеарнасының журналисі (Жаңаөзен қ.).

2001 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының маманы.

2001 жылдың шілдесінен - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бұқарамен байланыс бөлімінің бас маманы.

2002 жылдың шілдесінен - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бас маманы - баспасөз хатшысы.

2002 жылдың желтоқсанынан - Маңғыстау облысы әкімі аппараты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы - баспасөз хатшысы.

2003 жылдан - Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, 2005 жылдан - жетекшісі.

2006 жылдан - Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасының бастығы.

2012-2013 жылдары - Маңғыстау облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен аталған (2005).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2