Майра Арғынбекова
Арғынбекова Майра 1961 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шорға ауылында туған. Қазақ.
Әкесі- Кизатов Қалам (1917-1976), жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Кәрімова Күлпаш (1928-1998), сатушы болып жұмыс істеген.
Өскемен музыкалық училищесінің вокал бөлімшесі факультетін бітірген (1986), хор, академикалық хор, эстрадалық ансамбль әртісі.
1978 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар театрында автоклуб меңгерушісі. 1982 жылдан - Өскемен музыкалық училищесінің студенті. 1987 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Мариногорск ОМ ән пәнінің мұғалімі. 1989 жылдан - Мәдениет үйінің қызметкері (Мариногорск). 2002 жылдан бері - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма төатрының актері.
Мәдениет қайраткері (2009).
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Арғынбеков Серікбек Алдабергенұлы (1958 жылы туған), «Тоқтаров» ЖК басқарушы механигі. Ұлдары - Арғынбеков Талап Серікбекұлы (1986 жылы туған), Алдабергенов Дарын Серікбекұлы (1992 жылы туған); қызы - Арғынбекова Әйгерім Серікбекқызы (1987 жылы туған).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |