Майбалақ төбе
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Майбалақ төбе
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Майбалақ төбе - орта ғасырдағы шағын қала орны.Түркістан ауданы, Иқан ауылынан батысқа қарай 3 км жерде. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген.
Диаметрі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Диаметрі 180 м, биіктігі 5 м. Майбалақ төбенің жоғарғы қабатынан қөзелердің, астық сақтайтын хұмдар (құмыралар) мен астық ұнтақтайтын тастардың,тегенелердің сынықтары табылды.
Табылған заттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Табылған заттарға қарағанда Майбалақ төбе халқы егін егіп, мал өсіргендігі байқалады.Олар Түркістан шұраттары мен Отырар алқабындағы қалалармен мәдени-экономикалық байланыстар орнатқан.