Мазут

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мазутмұнайдан бензин, лигроин, керосин және жанар майды бөліп алғаннан кейінгі қалған қалдық өнім. Қара қоңыр түсті қою сұйықтық. Мазуттың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы бастапқы мұнай құрамына (парафинді, күкіртті, шайырлы, т.б.) және жеңіл фракцияларды бөлу әдістеріне байланысты болып келеді. Тығыздығы 0,89 — 1,00 г/см3, жану жылуы 39,4 — 40,7 МДж/кг. Құрамында 0,8 — 3,5% күкірт, 60%-ға дейін шайыр, 0,1 — 0,5% күл бар. Мазут моторлық отын мен жағар май, битум, кокс өндірісінде, сондай-ақ, сұйық қазандық отын ретінде қолданылады.[1]

Мазут - қарамай, шөкпе, мұнайдан пайда болатын тұнбалар, бензин, керосин алу процестерінен кейін; майлау майларын алу үшін және қазандар жанармайларын қолданады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.