Мазари-Шариф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Мазари-Шариф
Парсы тілі مزار شریف >
Әкімшілігі
Ел

 Ауғанстан

Провинция

Балх (провинция)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

36°54′00″ с. е. 67°07′00″ ш. б. / 36.90000° с. е. 67.11667° ш. б. / 36.90000; 67.11667 (G) (O) (Я)Координаттар: 36°54′00″ с. е. 67°07′00″ ш. б. / 36.90000° с. е. 67.11667° ш. б. / 36.90000; 67.11667 (G) (O) (Я)

Орталығының биiктігі

380 м

Уақыт белдеуі

UTC+4:30

Тұрғындары
Тұрғыны

300600 адам (2006)

Ұлттық құрамы

тәжіктер, өзбектер, түрікмендер, хазарлар

Мазари-Шариф картада
Мазари-Шариф
Мазари-Шариф

Маза́ри-Шари́ф (Парсы тілі مزار شریف Mazâr-e Šarif, тәж. Мазори Шариф — «қасиетті қабір») — Ауғанстанның төртінші ірі қаласы. Балх провинциясының астанасы. Құрт саны — 300600 (2006 жыл бойынша). Қалада ауғандардың барлық ұлттары тұрады—негізінен тәжіктер мен өзбектер, сонымен қатар түрікмендер, хазарлар мен пуштундар. Кең тараған тілдері— дари (тәжіктер мен хазарлар).

Шииттер үшін қасиетті орындардың бірі, себебі осында Әли жерленген-ді. 1992 жылдан 1997 жылға жейін қала Дустум генералдың резиденциясы болып келді. 1998 - 2001 жылдары Талибан қозғалысы билігінде болды; тәлібтер қаланы алысымен пуштун емес халықтарды қырған, кемінде 2000 адам мерт болды [1][2]. 2001 жылы қарашаның 25 түрмеге айналдырылған "Галай-Жанги" (Galai Janghi) фортында Мазари-Шариф маңында тәлібтер тұтқындарымен соқтығыс болып шамамен 700 адам көз жұмды.

A.
Мазари-Шарифтегі көк мешіт

Мазари-Шариф —діни орталық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мазари-Шариф — ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші; мұсылман шииттері құлшылық етуге жиналатын Ауғанстандағы ірі діни орталық. Балх провинциясының әкімшілік орталығы Мазари-Шариф қаласында орналасқан. Аңыз бойынша Әли халифа қабірі басына 12 ғ-да тұрғызылып, содан болашақ шаһардың іргетасы қаланған. Моңғол шапқыншылығынан қатты қираған діни ғимарат 15 ғ-да Құсайын Байқара кезінде қайта жаңғырды. 19 — 20 ғ-ларда онда жаңа кешенді құрылыс жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде ескерткіштің тарихи бөлігі тасада қалды. Мазари-Шариф ортасына қос күмбезді дарбазахана мен көрхана орналасқан ауқымды, күрделі ғимарат. Шеттерін күмбезді шағын құрылымдар қоршаған. Бас пештағынан мұнара шығарылып, толқынды күмбезбен көмкерілген. Қасбеті түрлі-түсті ою-өрнек, құйылмалы тақтатас, майоликамен нақышталған. Ішкі көрінісі мен қабырға әрлеуіне полихромды мөлтек жазба қолданылған. Қасбетіндегі сәндік аркалар ескерткіштің сәулеттік тұрпатына ерекше шырай беріп, дөңгелек күмбезшелермен айшықты үйлесім тапқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Валерий Асриян. Режим талибов - дестабилизирующий фактор мировой политики
  2. William Maley. The Afghanistan Wars. Palgrave Macmillan, New York, 2002. P. 239.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Mazar-e-Sharif