Льеж — Бастонь — Льеж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Льеж — Бастонь — Льеж
2012 Льеж — Бастонь — Льеж

2012 жылғы маршрут
Жарыс туралы
Күні Сәуірдің аяғы
Аймақ Ардендер, Бельгия
Ағылшынша аты Liège–Bastogne–Liège
Жергілікті аты Liège–Bastogne–Liège (франц.)
Лақап аты La Doyenne ("ең ескі")
Тәртіп Шоссейлік веложарыс
Жарыс UCI World Tour
Түрі Monument one-day classic
Ұйымдастырушы Amaury Sport Organisation
Траихы
Алғашқы жарыс 1892 (1892)
Нұсқасы 97 (as of 2011)
First winner Бельгия Леон Уа
Ең көп жеңген Бельгия Эдди Меркс (5 рет жеңген)
Соңғы жеңген Қазақстан Максим Иглинский

Льеж — Бастонь — Льеж (фр. Liège-Bastogne-Liège) — ең ескі классикалық шоссейлік веложарыс. Жыл сайын Бельгия Арденндер тауларында, Льежден Бастоньға және кері маршруты бойынша өткізіледі. Алғашқы жарыс әуесқойлар арасында 1892 жылы өтсе кәсіпқойлар арсында — 1894 жылы өткен. UCI әлемдік рейтингісіне кіретін 24 веложарыстың бірі.

Бұл веложарыс Флеш Валоньмен қатар бельгиялық арденн классиктерінің бір бөлігі. Бұрындары екі жарыс та бірінен кейін екіншісі қатарынан екі күнде өтетін, сондықтан «Арденн демалыстары» деп аталған.

1919, 1957 және 1980 жылдары жарыстар өте ауыр ауа-райы жағдайында өте төменгі температурада және қарлы күндері өткен. 1957 жылы жарыс нәтижесінде екі бәрдей велоспортшылар жеңімпаз атанды: бельгийліктер Франс Шуббен мен Жермен Дерейк. Дерейк ереже бойынша рұқсат етілмеген теміржол өткелінен өткендігі арқасында бірінші болып мәре сызығын кескен, бірақ дисквалифицияланған жоқ, себебі өткелге дейін қарсыластарынан үшминуттық алда келе жатқан, ал төрешілер ереже бұзу жеңіске жетуге шешуші рөл атқармады деп тапқан, дегенмен мәреге екінші болып жеткен Шуббенге де жеңімпаз татағын берді. 1980 жылы Бернар Ино алға сексенінші километрде суырылып шығып мәреге тоғызминуттық артықшылықпен жеткен.

1991 жылға дейін дистанция Льеждің жазық жолдарында аяқталатын, ал 1992 жылдан - мәрені Льеж солтүстігіндегі Анс қалашығындағы Сен-Николя тауына ауыстырылды.

Жарыс Льежден Бастонға дейінгі түзу 95-километрлік кесінді және 163-километрлік кері Ансқа дейіңгі алаңнан тұрады. Жарыстың екінші бөлігі дөңдігі 12%-ға дейінгі созылған таулы алқаптардан тұрады.

Жеңімпаздар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сәлтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Liège-Bastogne-Liège