Луна-4

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Луна-4

Ұйымы  КСРО, ОКБ-1
Тапсырысы Планета аралық автомат станция
Ұшыру күн-айы 1963 ж. 2 сәуір, Байқоңыр
Сөре көлігі Молния-Л зымыран-тасығышы
NSSDC нөмірі 1963-008В
Массасы 1422 кг

Луна-4Айды және ғарыштық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік ғарыш аппараты.

1963 жылдың 2 сәуірінде Луна-4 Байқоңырдан ұшырылды. Ол Ай бетіне қонып, зерттеулер жүргізеді деп жоспарланған еді. Бірақ 5 сәуірде аппарат есептелген ұшу траекториясынан ауытқып, Айдан 8336 шақырым қашықтықта өтеді.[1]

Аппарат Жерді айнала бастайды, бірақ орбитасы тым созыңқы және тұрақсыз болғандықтан, біраздан кейін Күннің жасанды серігіне айналады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Luna 4 НАСА сайтында
  2. Луна-4 туралы