Лондон колледж университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Лондон университеттік колледжі (ағылш. University Colledge of London, UCL) — Лондон университеті құрамына кіретін Лондондағы университет. Лондонның орталығы Gower Street-те орналасқан. Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі болып табылады. Көптеген жылдар бойы The Times және The Guardian рейтінгісі бойынша бесінші орыннан түспей келеді. 2009 жылы THE-QS World University Rankings рейтінгісі бойынша әлемде 4-орынды, ал Ұлыбританияда Кембридж университетінен кейін 2-орынды иеленеді.

2007 жылы университеттің жылдық қаржы айналымы шамамен 600 млн фунтты құрайды. Сонымен қатар университет «Рассел тобының», «G5» (en) және «Алтын үшбұрыштің» (Оксфорд және Кэмбридж университеттерімен қатар) мүшесі болып табылады. UCL-дың 26 оқытушысы және түлегі Нобель сыйлығының иегері.

1826 жылы Лондон университеті ретінде негізі қаланады. Университет ғимаратын архитектор Уильям Уилкинс салады. 1836 жылы Лондон университеті және Лондон Корольдік колледжі екеуі бірігіп Лондон Университетін құрады. Осы кезде UCL өзінің қазіргі атауына ие болады. 1893 жылы университетте Англияда тұңғыш рет студенттік одаққұрылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]