Лия Владимировна Нэльская

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лия Владимировна Нэльская
Туған күні

7 қараша 1932 (1932-11-07)

Туған жері

Санкт-Петербург, РКФСР, КСРО

Қайтыс болған күні

16 маусым 2013 (2013-06-16) (80 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Қызметі

актриса

Белсенді жылдары

1958-2013

Театр

М. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театры

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
Құрмет Белгісі ордені

Лия Владимировна Нэльская (7 қараша 1932, қазіргі Санкт-Петербург - 16 маусым 2013, Алматы) - актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1984)[1] .

1955 жылы Бішкек республикалық орыс драма театрының студиясын бітірген. 1958 жылы актриса Қырғыз орыс театрының актрисасы. 1962 жылы актриса Волков атындағы Ярослав театрының актрисасы. 1959 жылдан бастап Алматының М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы.[2]

Алғашқы ойнаған рөлі - В.С. Розовтың "Оның достары" спектакіліндегі Светлана (1953).

Лия Нэльская 1959 жылдан Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы орыс мемлекетік академик драма театрында

  • Нило Снижко (А.Д. Салынский, "Барабаншы қыз"),
  • Надежда (И.В. Шток, "Якорь алаңы"),
  • Мөржан (М.Әуезов "Түнгі сарын")
  • Марина (А. Чехов - Дядя Ваня)
  • Авдотья Назаровна (А. Чехов - Иванов)
  • Эугения (С. Мрожек - Танго) сияқты әр қилы мінез-кейіпкерді сомдады.

Кинематографта 1 ролі бар: «История одной старушки» атты фильмде түскен.

Лия Нэльскаяның жасаған сақыналық бейнелері ақ жарқын, азаматтық болмыс мінезімен, қарапайым-қайырымдылығымен ерекшеленеді.

2 рет Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Кеңес одағының «Знак Почета», «Құрмет» ордендарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [1] Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы. Казинформ сайты
  2. [2](қолжетпейтін сілтеме) Народная артистка РК Лия Нэльская - о миссии театра в современном мире