Лео Джеймс Рейнуотер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лео Джеймс Рейнуотер
ағылш. Leo James Rainwater
Туған күні

9 желтоқсан 1917 (1917-12-09)

Туған жері

Каунсил, Айдахо, АҚШ

Қайтыс болған күні

31 мамыр 1986 (1986-05-31) (68 жас)

Қайтыс болған жері

Нью-Йорк, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

атомдық физика

Альма-матер

Калтех
Колумбия университеті

Ғылыми жетекші

Энрико Ферми

Атақты шәкірттері

Вал Фитч

Марапаттары


Эрнест Лоуренс сыйлығы (1963)
Нобель сыйлығы Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1975)

Лео Джеймс Рейнуотер (ағылш. Leo James Rainwater; 9 желтоқсан 1917, Каунсил, Айдахо, АҚШ31 мамыр, 1986, Нью-Йорк, АҚШ) — американдық физик, 1975 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты «ұжымдық қозғалыс пен жеке атом ядросындағы бөлшек қозғалысы арасындағы байланысты ашқаны және осы қатынасқа негізделген атом ядросының құрылымы теориясының дамытқаны үшін» (О. Бор және Р. Моттельсонмен бірге).

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1968).

Рейнуотердың әкесі 1918 жылы испан тұмауынан қайтыс болды. 1939 жылы Калтехтен физика бойынша бакалавр дәрежесін алды. Осыдан кейін ол Колумбия университетінде (АҚШ) докторантураға түсіп, 1946 жылы докторлық дәрежесін алды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол атом жобасында жұмыс істеді. 1949 жылы ол барлық атомдық ядролардың сфералық симметрияға ие емес екендігі туралы теориясын жасай бастады. Бұл теорияның тезистері кейінірек Бор мен Моттельсон тәжірибелерінде тексеріліп, расталды. Рейнуотер рентген сәулелерінің табиғатын түсінуге де ықпал етті. Атом энергиясы жөніндегі комиссияның жұмысына және АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ғылыми жобаларына қатысты. 1952 жылдан бастап Колумбия университетінің физика факультетінде жұмыс істеді, онда 1982 жылы физика профессоры атағы берілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]