Леонид Александрович Голиков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Леонид Александрович Голиков (Леня Голиков ретінде де белгілі; 17 маусым 1926 жыл, Лукино, Старорус уезді, Новгород губерниясы, РСФСР, КСРО-24 қаңтар 1943, Острая Лука, Псков облысы, РСФСР, КСРО) - Пионер-батыр, тимуровец, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, партизан, Кеңес Одағының Батыры.

Леонид Голиковтің құрметіне Евпатория қаласындағы "Золотой берег" пионер лагерінің аумағында орнатылған ескерткіш.

Леонид Александрович Голиков 1926 жылы 17 маусымда Старорус уездінің Лукино ауылында (қазіргі Новгород облысы Парфин ауданы) қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген.

Соғысқа дейін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

7 сыныпты бітірді. Парфино кентіндегі № 2 фанера зауытында жұмыс істеді. Леня соғыс басталғанда 15 жаста болды. Фашистер оның туған жері Новгород облысын басып алған кезде, Леня партизан болуға шешім қабылдады.

Соғыс кезінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Новгород және Псков облыстарының аумағында әрекет еткен 4-ші Ленинград партизан бригадасының 67-ші отрядының барлаушысы. 27 әскери операцияларға қатысқан. Әсіресе, Апросово, Сосницы, Север ауылдарындағы неміс гарнизондарын талқандауда ерекше көзге түсті.

78 неміс, 2 теміржол және 12 автожол көпірлерін, 2 азық-түлік қоймасын, 10 оқ-дәрілері бар автокөлікті жойған.

1942 жылдың 13 тамызы, "Луга—Псков" тас жолының барлауынан келе жатқан кезде, Стругокрасненск ауданының Варница ауылына жақын жерде гранатамен жеңіл машинаны жарып жіберді. Дәл осы көлікте неміс инженерлік әскерлердің генерал-майоры Рихард фон Виртц болған еді. Жасақ командирінің хабарламасында Голиков генералмен қоса, онымен бірге болған офицер мен көлік жүргізушісін де атқан деп айтылды.

Алайда, 1943-1944 жылдары Генерал Виртц 96-шы жаяу әскер дивизиясын басқарды, ал 1945 жылы американдық жауынгерлер Лёняны тұтқынға алды. Барлаушы бригада штабына құжаттары бар портфель жеткізді. Оның ішінде неміс миналарының жаңа үлгілерінің сызбалары мен сипаттамасы, Жоғарыдағы қолбасшылыққа инспекциялық хабарламалар және әскери сипаттағы басқа да маңызды қағаздар болды. Содан кейін барып Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған еді.

1943 жылдың 24 қаңтарында Псков облысының Острая Лука ауылында өткен ұрыста Леонид Голиков қаза тапты. Соғыс басталғанда ол небары 15 жастағы бала болғанына қарамастан, пионер-батырлар тізіміне енгізілді.

Ұзақ уақыт Лени Голиковтың суреттері сақталмады деп саналды, ал 1958 жылы Виктор Фомин жасаған портреттегі тұлға Лёняның әпкесі – Лида болды. Голиковтың ерлігі туралы очеркист Анатолий Вахов жазды. Ұлы Отан соғысы кезінде партизандар туралы алғашқы очерк кітабы жарық көрді - «Девять бесстрашных» (1944).Бұл кітаптың 61-ші бетінде жау тылында тілші ЛенТАСС жасаған Леонид Голиковтың шынайы фотосуреті бар. Бұл ақпараттың шын екендігін суреттің төменгі оң жақ бұрышындағы мөр дәлелдейді. Бұл, мүмкін, батырдың сақталған жалғыз шынайы фотосуреті шығар. А. Вахов пен Ю. Королковтың кітаптарында батырдың тағы екі суреті бар, бірақ олар Л.Голиковтың нағыз фотосуреті екендігіне көз жеткізілмеген.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://matveychev-oleg.livejournal.com/3482496.html 15 подвигов Великой Отечественной войны, о которых должен знать каждый

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]