Лев Иосифович Петражицкий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лев Иосифович Петражицкий
Leon Petrażycki

Лев Петражицкий
Туған күні

13 сәуір 1867 (1867-04-13)

Туған жері

Витебск губерниясы, Коллонтаево ауылы

Қайтыс болған күні

15 мамыр 1931 (1931-05-15) (64 жас)

Қайтыс болған жері

Варшава

Азаматтығы

Ресей империясы

Ғылыми аясы

Азаматтық құқық, Социология

Жұмыс орны

Санкт-Петербург университеті, Варшава университеті

Ғылыми дәрежесі

право психологиялық мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі

Ғылыми атағы

социолог, философ, теоретик

Альма-матер

Тараса Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті

Несімен белгілі

раво психологиялық мектебінің негізін қалаушы

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Петражицкий Лев Иосифович (пол. Leon Petrażycki, 13.04.1867, Витебск губерниясы, Коллонтаево ауылы, - 15.05.1931, Варшава) - право теоретигі, право психологиялық мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі. Ұлты - поляк. Киев университетінің заң факультетін бітіп, Берлинде оқыған.

Қоныс аударуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Саяси көзқарасы - оңшыл кадет, 1-Мемлекеттік думаның депутаты.Октябрь социалистік революциясынан кейін, Лев Иосифович Петражицкий Ресейдан қоныс аударып, Варшава университетінде заң факультетінің право социологиясы кафедрасын меңгерді.

Құқық туралы ойы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лев Иосифович Петражицкий правоның негізі және оның қорғаушы күші адам психологиясы деп идеалистік тұрғыдан түсінді. Мемлекет, право, мінез-құлық, шаруашылық т.б. туралы ғылми-зерттеу жұмыстары психологиялық құбылыстарды талдауға сүйенуі қажет дейді. Право категорияларын ол «ресми» немесе позитивтік (правоның қазіргі жүйесі) және «түпкілікті» немесе адамның жеке басы психологиясының қасиеті мен нәтижесі деп тұжырымдады. Лев Иосифович Петражицкий капиталистік қатынастарға қайшы патшалық Россияның ескірген право нормаларын либералдық тұрғыдан сынады.

Негіздер туралы ойы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лев Иосифович Петражицкийдің антимарксистік, абстракциялық концепциялары право жөніндегі буржуазиялық пікірлердің дамуына негіз болды.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Очерки философий права, в. 1, СПБ, 1900 (орысшы)
  • О мотивах человеческих поступков..., СПБ, 1904 (орысша)
  • ВВедение в излучение права и нравственности, Эммоциональная психология, 3 изд., СПБ, 1908 (орысша)

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энциклопедиясы