Көміртек монооксиді

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Иіс газы, CO – түссіз, иіссіз улы газ. Тығыздығы 1,25 кг/м3; қайнау t 191,50С; балқу t 2050С. Суда нашар ериді. Ауада үлкен мөлшерде жылу шығарып жанады. Иіс газын өндірісте қатты отынды газификациялау арқылы алады (жанғыш, генераторлық, су, жарық газдар). Бұл газдар [[жоғары калориялы отын ретінде, спиртті, көмірсутектерді, альдегидтерді, синтететикалық бензинді, т.б. заттарды синтездеуде қолданылады. Иіс газы көміртектің немесе оның қоспаларының ауа жеткіліксіз болған жағдайда жану кезінде (әдетте, пештің жаппасын ертерек жауып қойғанда, т.б. жағдайларда) пайда болады. Иіс газымен уланудың алғашқы белгісі – бас ауырады және айналады, одан кейін адам есінен танады. Мұндай жағдайда таза ауа қажет. Өндірістік бөлмелерде иіс газының концентрациясы 30 мг/м3-ден аспауы керек.[1]

Физиологиялық әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Физиологиялық әсері CO газын ИІС ГАЗЫ деп те атайды. Оның ауада 0,2% көп болуы өмірге қауіпті. Өмірде көміртегі оксидімен уланғанда иіс тиді дейді. Оның улы болу себебі, СО-мен тыныс алғанда қандағы гемоглобинмен оттекке қарағанда СО газы берік байланыс түзіп оттектің организмге келуін қыиындатады. Иіс газымен уланған адамда қанның түсі ашық қызыл, басы ауырып есінен танып қалады. Ондай жағдайда адамды тез арада таза ауаға шығарып, алғашқы көмек көрсету қажет.[2]

Улану гемоглобин мөлшерінне байланысты 3-ке бөлінеді.

Жеңіл, 20% белгі:бас ауыру,

Жүйелі, 20-40% белгі:тез шаршағыштық, жынданғыштық, жүрек айну,

Ауыр, 40-60% белгілері: кома,галлюуцинациалар,шатасушылық(спутанность) атаксия.

Емдеу: (трахеобранхиальный туалет)трахеобранхиальды дәретхана, механикалық вентиляция және бронходилататорларды қолдану,гипербарикалық оттегі терапиясы.[3]


Химиялық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Көміртек оксиді ауада көп жылу бөле отырып жанады. Осы қасиетіне қарай көміртек монооксиді СО газ тектес отын ретінде пайдалынады.

2. Көміртек монооксиді СО жоғары температурада метал оксидтерін тотықсындырып, бос металды бөліп шығарады.[2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  2. a b Химия 8 класс, " Атамұра 2010"
  3. кітәп.Справочник хирурга.Автор:М.А.Алиев