Көк гүлкекіре

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көк гүлкекіре

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Carduoideae
Тайпасы: Cynareae
Тегі: Centaurea
Түрі: C. cyanus
Екі-есімді атауы
Centaurea cyanus
L.

Көккекіре (лат. Centaurea cyanus) – астралылар тұқымдасының гүлкекіре туысына жататын арам шөп. Зембілге жиналған гүлдерінің шетіндегілері үлкендеу, көгілдір түсті (өте сирек болса да ақ және қызғылт түстілері де кездеседі) келеді. Көккекіренің біржылдығы да, екіжылдығы да, болады. Биіктігі-30-60 см. Бұтақты болып өседі.

Бұл республикамыздың Орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында кең таралған. Қай жерде кездессе де шашыранды және сирек өседі.Дәрі мақсатында бүкіл жер үстіндегі бөлігі мен гүлдері пайдаланылады.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көккекіре гүлдерінде - бояулы заттар, цианин глюкозиттері, ащы глюкозидтер, ценаурин, немесе кницин, цикорин глюкозиді, минералды тұздар болады.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көккекіре гүлдерін несеп жүргізетін, қызба ауруларыен сырқаттанғандардығ қызуын төмен түсіретін дәрі ретінде оның гүл желектерінен тұнба жасап ішеді. Несеп-жыныс органдарының қабынып ауруларына көккекіре желегін ырғай тамырына, жүгері қауызына, қайың бүрлеріне, ошаған шөбіне қосып пайдаланады. С.С. Сахобиддиновтың деректері бойынша (1948) кекіре жапырақтарынан жасалған тұнбаны безгек ауруына қарсы ішеді, ал тамырдан жасалған препаратын шеменге қарсы пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.