Көкөністі физалис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Физалис жаңғағы. Кәдімгі физалисті халық арасында шие деп те атайды. Бұл шырмауықты, жіңішке ағаш тектес бұтақты бақша өсімдігі. Жапырағы жүрек пішіндес, айқын түсті, дара, қоңырау гүлді. Сәуір -май айларында гүлі бүр жарады. Осыдан кейін-ақ қызғылт — қызыл шар тәріздес жемісі шығады. Оның бүлдірген дәмдес, хош иісті жемісін жасаң түрінде пайдаланады. Құрамында минералдық тұздар, қант, пектин бар. Кондитерлік тағам, маринад, икра (уылдырық) жасарда және басқа да тағамдардың тұздығын келтірерде қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9